Бақылау диктанттары



Pdf көрінісі
бет14/17
Дата20.01.2024
өлшемі210.87 Kb.
#489496
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Диктанттар

Ақтөстің көмегі 
Қыстың ашық күні еді. Самат ойнауға шықты. Ол төмпешікке қарай бет 
алды. Соңынан иті ақтөс ілесті. Төбешік ауыл сыртында еді. Олар төбешікке 
жетті. Ызғырып жел тұрды. Күн суыта бастады. Самат үйіне тезірек жетпекші 
болды. Сол кезде ешнәрсе көрінбейтін боран болып кетті. Саматтың жүгіруге 
шамасы келмей қалды. Қолы бір нәрсеге тигендей болды. Самат Ақтөстің 
қарғыбауынан мықтап ұстап алды. Ақтөс оны үйіне алып келді.
(63 сөз) 
Жазылуы қиын сөздер: төмпешікке, қарғыбауынан 
1. 
Мәтіннен күрделі етістікті табыңдар. Астын сызыңдар. 
2. 
Жетті деген етістікті көпше түрде жіктеп жазыңдар. 
3. 
Есімдіктерді тауып, теріп жазыңдар. 
Ауа райын болжайды 
Қазақстанның солтүстігіндегі орманда құрлар мекендейді. Қыс бойы олар 
қайыңның бүршігін қорек етеді.
Бір күні қызық жағдай болды. Таңертең күн ашық еді. Құрлар қайыңның 
арасында жем етріп жүрген болатын. Кенет тобымен ұша жөнелді. Олар күннің 
бұзылатынын сезген екен. Түстен кейін боран соқты.
Қырғауыл мен кекілік те боран боларын алдын ала сезеді. Сондықтан олар күні 
бойы жем тереді. Боран басталғанда ықтасынға тығылады. (60 сөз) 


Жазылуы қиын сөздер: солтүстігіндегі, ықтасынға. 
1. 
Мәтіннен үстеулерді тауып, теріп жазыңдар. Олардың түрін 
ажыратыңдар.
2. 
Шылауларды табыңдар. Шылаулар арқылы байланысқан сөздер қай 
сөз табына жататынын анықтаңдар. 
3. 
Соңғы сөйлемді сөз таптарына талдаңдар. 
Әсет Найманбайұлы 
Әсет Найманбайұлы – қазақ халқының талантты ақыны және әншісі. 
Ақының өнердегі ең үлкен ұстазы қазақтың бай ауыз әдебиеті болды. Есейген 
шағында Әсет Абайдың ақындық мектебінен тәлім алды. Өнер мен білімді 
нағыз байлық деп түсінеді. Әсет ешкімге қара сөден дес бермейді. Әйгілі ақын 
қыз Ырысжанмен айтысады. Әсет онсегіз жаста ғана еді. Қыздаң айтқан қиын 
жұмбақтарын қиналмай шешіп береді. Сол айтыста Әсеттің білімді және 
зерделі екендігі айқын аңғарылады. (66 сөз) 
Жазылуы қиын сөздер: Ырысжанмен, аңғарылады. 
1. 
Үшінші сөйлемдегі тұрлаусыз мүшелердің астын иректеп 
сызыңдар. 
2. 
Мәтіннен күрделі сан есімді табыңдар. Астын сызыңдар.
Аққу. 
Аққу өте ірі және күшті құстардың бірі. Оны көп халықтар киелі құс 
санайды. Ерекше құрметтейді. 
Аққулар көктемде оңтүстіктен қайта оралады. Олар шалғайдағы адам аяғы 
жетпес көлдердің қалың қамысына ұялайды. Ерекше сезгіш және сақ құс. 
Балапандарын ата-енесі бірлікте тәрбиелеп өсіреді. 
Аққулар қолға тез үйренеді. Олар хайуанаттар бағында Австралиядан келген 
қарақумен тату тұрады. 
Аққулар табиғаттың аса ғажап және сирек кездесетін туындысы. Біздің 
елімізде оларды аулауға тыйым салынған. (66 сөз) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет