Бақылау диктанттары



Pdf көрінісі
бет13/17
Дата20.01.2024
өлшемі210.87 Kb.
#489496
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Диктанттар

Тамыржемістілер 
Қантқызылшасы қоректі затын тамырына жинайды. Күзде оның тамыры 
жуандайды. Тамыры жеміске айналады.Қантты осыдан алады.
Қызылша бірінші жылы тұқым бермейді. Өйткені ол – екі жылдық өсімдік. 
Алғашқы жылы қызылшаның тамыр жемісі мен жапырағы ғана өсіп үлгереді. 
Тамыржемісті келесі жылы тағы отырғызады. Одан ұзын сабақ шығады. 
Өсімдік қызғылт жапырақтарға бөленеді. Гүл шашады. Гүлден тұқым өнеді. 
Қызылшаның жемісі тамырында болады. Сондықтан оны тамыржемістілер 
дейді. (61 сөз) 
Жазылуы қиын сөздер: жапырақтарға, тамыржемістілер. 
1. 
Мәтіннен сын есімдіктерді табыңдар. Астын сызыңдар. 
2. 
Ұзын, қызыл деген сын есімдіктерді қос сөз етіп жазыңдар. 
Тоғызқұмалақ 
Тоғызқұмалақ – қазақтың ерте заманнан келе жатқан ұлттық ойыны. Бұл 
өзі кілең есепке құрылған қызық ойын. Бұл ойынды шопандар ойлап шығарса 


керек. Бұрын оны қойдың құмалақтарымен ойнайтын. Ойынға екі адам 
қатысады. олар тоғыздан шағын шұңқыр қазып алады. Бұл отау деп аталады. 
Сонан соң екеуі де ұтқан құмалақтарын жинайтын ұя жасайды. Ол қазан деп 
аталады. Әр ойыншыға сексен бір құмалақтан болады. (60 сөз) 
Жазылуы қиын сөздер: құмалақтарымен, шұңқыр. 
1. 
Мәтіннен сан есімді табыңдар. Оларды теріп жазыңдар. Дара 
сан есімді бір, күрделі сан есімді екі рет сызыңдар. 
2. 
Біріккен сөзді табыңдар. Ол қандай сөз табы екенін 
ажыратыңдар. 
Жол ашық – жүре беріңіз! 
Өзіңе таныс үш көзді бағдаршам алдыңда тұр. Бағдаршам көше қиылысына 
ілінеді. Түрлі-түсті көздері кезектесіп жыпылықтайды.
Бағдаршамның қызыл түсі нені аңғартатынын түсіну қиын емес. Бұл 
әрдайым қауптілік белгісі. Өйткені ол көзге бірден ілінетін қызыл түс.
Қызыл шамнан кейін бағдаршамның сары түсі жанады. Ол дайындық 
белгісі. 
Еш уақытта асықпа. Көше қиылысында жасыл түстің жануын күт. 
Бағдаршамды тыңдамағанның арты қайғылы болатынын ұмытпа. (60 сөз) 
Жазылуы қиын сөздер: бағдаршам, аңғартатынын. 
1. 
Мәтіннен есімдіктерді табыңдар. Оларды теріп жазыңдар. 
2. 
Жіктеу есімдіктерін жазыңдар. Оларды септеңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет