"Бақытты сәт" жаттығуы


 Әр топқа есім сөздер беріледі. Екі топ жарысып, сол сөздерді жіктеп шығады. 10



бет16/36
Дата21.03.2024
өлшемі176.34 Kb.
#496244
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36
ҚТОӘ дәріс Қатысым

9. Әр топқа есім сөздер беріледі. Екі топ жарысып, сол сөздерді жіктеп шығады.
10. 1-топ мүшелері шартты раймен аяқталатын бірнеше жай сөйлемдер жазады, 2-топ өз алдына бірнеше тиянақты жай сөйлемдер жазып шығады (І, ІІ, ІІІ жақтарда). Одан кейін екі топтың мүшелері кезекпен өз сөйлемдерін оқи бастайды. Нәтижесінде түрлі күлкілі сөйлемдер шығады.
(Егер ..................-са; -се // Онда.......................- Ә).
11. Сөйлемдер тізбегі ойыны: Тіл үйренушілер шеңбер құра отырады. Бірінші адам “Мен ертең...” деп бастап, ауыспалы келер шақта бір сөйлем айтады. Келесі адам “Ал мен оны кеше орындағанмын...” деп, жаңағы айтылған әрекетті нақтылы өткен шақта қайталап шығады да, “Мен ертең ...” деп өзі жаңа бір сөйлем бастайды. Мысалы: бірінші адам: “Мен ертең ант қабылдаймын”. Екіншіадам: “Ал мен кеше ант қабылдадым, ертең жұмысқа кірісемін”. Үшінші адам: “Ал мен кеше жұмысқа кірістім, ертең жалақы аламын” т.с.с.
12. Оқытушы алдын ала дайындалған сөздерді береді, оқушылар сол сөздердің антонимдерін табады.
Сонымен қатар топтық ойындарға шағын болса да сюжетке құрылған төмендегідей ойын түрлерін жатқызуға болады:
«Отбасы өмірінде қандай мінездер қажет» (топтық сұхбат ойыны)
Тапсырма: Екі топқа бөлінген қыздар мен жігіттер «Ең жақсы әйел», «Ең жақсы ер» тақырыбы бойынша мінездеме береді, сауалнама толтырады, ойын дәлелдейді(киім киісі, тамақ әзірлеуі, өзін отбасында ұстауы, отбасы қаржысын үнемдеу, т.б.), топ-топ болып қорғайды.
Өткізілген материалды қолдану. Өтілген тақырып бойынша, адам мінезі, сын есім, отбасы материалдарын пайдалану.
Нәтиже: Өтілген тақырыпты еске түсіре отырып, іс-жүзінде пайдалана білулері, ойларын дәлелді жеткізуі
«Ол кім?» ойыны Тапсырма: Әр топ мүшелерінің ішінен бір адамды алып, бет-бейнесін, мінезін суреттеп беріңдер. Ал әр топ сол адам кім екенін анықтап, портретін салуы керек.
Мақсаты: өтілген грамматикалық, лексикалық тақырыпты пайдаланып, адам бейнесі мен мінезін дұрыс беру. Әр топ берілген мінездемені түсініп, адам бейнесін салу.
Нәтиже: Естігенін түсіну, есте сақтау, өтілген тақырыпты пайдалана отырып, өз ойларын дұрыс жеткізе білу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет