«Топтық ойын» Тапсырма: а) Қазақ тіліне тән дыбыстардан басталатын 1 буынды, 2 буынды, 3 буынды сөздер тізбегін жазу. Уақыт шектеулі. Қай топ көп жазса, сол топ жеңеді.
Шарты: 1 буынды сөздерді нашар оқитындар тобы, 2 буынды сөздерді жақсы оқитындар, ал 3 буынды сөздер тізбегін өте жақсы оқитын оқушылар тобы жазады.
Мақсаты: Тән дыбыстар мен буын түрлерін біліп қана қоймай, лексикалық қорларын пайдалану. буын талдайтын дыбыстар туралы материалды еске түсіру.
«Сөздерді таңдау» ойыны. Тапсырма: Әр топқа көп мөлшерде түрлі тақырыпқа арналған кеспелерге жазылған сөздер беріледі. Оқушылар тақырып бойынша сөздерді бөліп, сөйлем құруы керек.
Мақсаты: оқушылардың сөз мағынасын түсініп, оны қай тақырыпқа сай екенін анықтау арқылы, материалды пысықтау.
Нәтиже: оқушылар сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін қарым-қатынас үстінде дұрыс пайдалануға дағдыланады.
Топтық ойын түрінің бірі - алдын ала мұғаліммен дайындалған мамандық туралы мәтін беріледі, оқушылар сол мәтінді оқи отыра қандай мамандық иесіне бағытталып жазылғанын анықтайды. Жаттығу соңынан оқушылар ең жақсы мамандардың моделін жасап, соны қорғайды, бір-біріне сұрақтар қояды.
ІІІ. Рөлдік ойындар
«Алтын балық» рөлдік ойынында қатысушылар жұп болып жұмыс істейді.«А» қатысушысы – алтын балық, «Б» қатысушысы оған 3 тілегін тілейді. Мақсат алтын балықты тілектерді орындауға көндіру. Балық сұрақтар береді. Қатысушылар рөлмен ауысады. Қалау рай түрлері жаттықтырылады.
«Мектептегі жағдай» ойыны.
Тапсырма: а) Сіз басқа жақтан оқуға Ақтөбе қаласына келдіңіз. Жаңа мектепке келдіңіз. Мектептегі сынып жетекшіңізбен бірінші рет сөйлесіп тұрсыз. Оқудың ұйымдастырылуы туралы, сабақ кестесі, ауысым туралы сұрап, сынып жетекшінің сұрақтарына жауап беріңіз.
б) Сіз 9 сынып жетекшісісіз. Жаңа келген оқушымен танысып, оның сұрақтарына жауап беріңіз, оқушыны оқу бағдарламасымен, сабақ кестесімен таныстырыңыз.
Өтілетін материал: Өзін ресми жағдайда таныстыру, ұйымдастыру жұмыстарына байланысты сұрақтарды талдау, оқудың мақсаты мен мазмұнын айту.
Достарыңызбен бөлісу: |