"Бақытты сәт" жаттығуы


«Біз бүгін қайда барамыз?» ойыны



бет19/36
Дата21.03.2024
өлшемі176.34 Kb.
#496244
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36
ҚТОӘ дәріс Қатысым

«Біз бүгін қайда барамыз?» ойыны
Тапсырма: а) Сіздің уақытыңыз бос. Досыңызды немесе құрбыңызды киноға шақырыңыз. (кино соңғы рет болатынын, қандай атақты актерлер қатысатынын, халықтың кино туралы беріп жүрген пікірін, т.б.) айтып, досыңызды немесе құрбыңызды баруға көндіріңіз.
б) Досыңыздың өтінішін қимайсыз, бірақ басқа адамға уәде беріп қойғаныңызды, онымен театрға баратыныңызды айтуыңыз керек. Досыңызды сонда баруға көндіріп көріңіз.
Мақсаты; Екі сөйлесуші адам бір-бірін түсініп, дұрыс жауап берулері қажет.
Нәтиже: Сауалдарды дұрыс қойып, өз ойларын нақты жеткізе білу.
«Менің сөзім» ойыны.
Тапсырма: Ойын шартына сай директор, оқушы, мұғалім, оқушы, ата-ана қатысады. Ортада оқушы мен іс-тәжірибеден өтуге келген оқушы арасындағы болған келіспеушілікке байланысты айтылатын сөйлемдер жатады. Ерекшелік:сөйлемнің кез-келген жерінде (басында, ортасында, аяғында) сөздер жетіспеуі мүмкін. Әр қатысушы өз айтатын сөзін дәл тауып, сөйлемді толықтырады, өз рөлін ойнап шығуы керек.
Мақсаты: Өтілген грамматикалық, лексикалық бірліктерге сай құрылған сөйлемді дұрыс толықтырып, сөйлеу барысында өз кезегінің қай кезде келетінін анықтай білуі керек.
Нәтиже: Ойынға қатысушы сөйлеушілердің не айтып тұрғанын түсінуі, әрі соған дәл жауапты тауып айта алуы арқылы грамматикалық, фонетикалық, лексикалық норманың сақталуы.
«Түйіндеме» ойыны
Тапсырма: бір топ оқушы бүгін өздеріне берілген тапсырма бойынша өз оқу орнына білім алуға шақырып, қала тұрғындарына жарнама жасауы керек. (Білім ордасында қандай сыныптар бар, қандай үйірмелер бар, оқу орнының ерекшелігі т.б. туралы). Бұл ойында оқушылар екі немесе одан да көп топқа бөлініп, бір-бір сыныпты таңдайды да, сол туралы жарнамалап береді, қорғайды.
«Жиһаз сатып аламыз» ойыны.
Тапсырма: Ертең отбасындағы барлық мүшелерімен ақылдасып, үйге жиһаз алуыңыз керек. Әр жиһазды неге, кімге, қанша ақшаға алғалы отырғандарыңызды, қай бөлмеге қоятындарыңызды айтып беріңіз.
Өтілген материал: Менің отбасым, менің үйім, бөлмем және тәуелдік жалғауы, зат есім.
Мақсат: Әр топ мүшесі ана, бала, әке рөлдерін ойнай отырып, топпен жұмыс істейді. Олардың мүддесі ортақ. Отбасында қажетті жиһазды алу. Топ жүйелі, көлемді , толық түрінде жауап беруі қажет.
Нәтиже: Бір-бірін тыңдау, ортақ шешімге келе отырып, көлемді мәтін әзірлеу, өткен тақырыпты еске түсіру, бастысы алған лексика-грамматикалық білімдерін іс-жүзінде пайдалану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет