«Мен басқа бөлмеде тұрғым келеді» ойыны.
Тапсырма:
а) Сіз жатаханада тұрасыз, бірақ басқа бөлмеге ауысқыңыз келеді. Комендантқа себебін айтып, ауысқыңыз келетіні жайлы ойыңызды түсіндіріңіз.
б) Сіз жатахана комендантысыз. Жатахананың 1 оқушысы басқа бөлмегеауысқысы келеді. Оқушыдан себебін сұрап, оның өтінішін орындауға тырысыңыз. Өтінішті орындай алмасаңыз, себебін айтып түсіндіріңіз.
Өтілетін материал: өтінішті негіздей білу, келісім, өз көзқарасын түсіндіру, өтінішті қабылдамау.
Ойын мақсаты: қатысушылардың өз ойларын негіздей, жүйелі түрде жеткізуі, ойын дәлелдей алуы.
Ойыннан күтілетін нәтиже: ойынға оқушы өтілген материалды еске түсіре отырып, өз ойын жүйелі, дәлелді жеткізуге талпынады.
«Кітапқа тапсырыс беру» ойыны.
Тапсырма:
а) Үй жұмысын дайындауға сізге кітапханадан каталог арқылы қажетті әдебиетті тауып, тапсырыс беріп, оның орындау уақытын анықтаңыз.
б) Сіз кітапхана қызметкерісіз. Тапсырысты қабылдап, оның дұрыс берілгенін анықтаңыз.
Тапсырма: кітапхана кеңесшісімен, кітапханашымен сөйлесу, тапсырысты рәсімдеу.
Ойын мақсаты: Оқушының күнделікті өмірінде жиі кездесетін жағдайда өз ойын дұрыс жеткізе білуі, тапсырысты бере білуі.
Нәтиже: Оқушы ойнай отырып, кітапханада жұмыс істеу жолдарын да үйренеді. Қарым- қатынасқа түсе біледі. Оқушының ой жүйелілігі.
«Патент» ойыны.
Тапсырма:
а) Сіздер патенттік бюроның қызметкерлерісіздер. Патент жобасын қабылдаңыз немесе кері қайтарыңыздар.
б) Инженерлер тобысыздар. Өздеріңіз жасаған жаңалықтар туралы айтып, оның экономикалық тиімділігін, мақсаттылығын, пайдалылығын дәлелдеңіздер.
Пайдаланылатын материал: Ресми жағдайда талдау этикеті, сапалы мінездеме беру.
Мақсаты: өтілген лексикалық бірліктерді қайталай отырып, іс жүзінде ойын жеткізу, дұрыс пайдалана білу.
Нәтиже: ізденіс, еске түсіру, нәтижеге жету талпынысы.
«Іс – тәжірбиеден өту» ойыны.
Тапсырма: а) Сіз 9 сынып оқушысысыз, ертеңнен бастап сіз белгілі бір өнекәсіпте іс-тәжірибеден өтесіз. Директорға барып, болашақ жас маман ретінде өз мамандығыңыз, алға қойған мақсатыңыз, қандай тапсырмалар алатыныңызды білуіңіз керек.
б) Сіз директорсыз, келген оқушыға қандай жағдай жасалып, кім жетекші болатынын, қандай сынып бекітіліп берілетінін және іс-тәжірибеден өтушіден қандай нәтиже күтетіндігіңізді айтуыңыз керек.
Мақсат: ресми жағдайды сақтай отырып, қойылатын сұрақтар мен жауаптарға жүйелі, дұрыс жауап беру.
Нәтиже: Өз беттерімен іздену, сөздік қорларын пайдалана отырып жүйелі жауап беру.
Достарыңызбен бөлісу: |