№1. (−1) · (−3) · (−5) · … · (−999) ӛрнегінің таңбасын анықтаңдар.
№2. Ӛрнектің мәнін табыңдар:
1000000-(1000000-(1000000-(1000000-999999))))
№ 3. Натурал А санының 2%-і натурал В санының 3%-нен артық болса, онда натурал А санының 5%-і натурал В санының 7%-нен артық болатыны дұрыс па?
№4. Шебер қуыршақты 5 күнде жасады. Қуыршақты 4 күнде дайындау үшін шеберге жұмыс ӛнімділігін неше процентке арттыру керек?
№5. Орманның тӛрттен бір бӛлігіндегі ағаштардың 20%-і, ал қалған бӛлігіндегі ағаштардың 10% -і кесілді. Орман ағаштарының неше проценті кесілді?
№6. Егер Асылбектің ақшасына тағы 80% қосса, онда 9000 рубль болады. Асылбекте қанша ақша бар?
№7. Екі саудагер қалада бірдей бағамен тауарлардың бірдей санын сатып алып, ӛз ауылдарына сатуға кетті. Біріншісі сатып алғаннан бағадан екі есе қымбатқа сатты. Екінші саудагер алдымен 60%-ке арттырып, тауардың тӛрттен бір бӛлігін сатты, содан соң тағы 40%-ке арттырып, қалған тауар сатты. Қайсы саудагер кӛбірек пайда тапты?
№8. Кӛктемгі арзандатуда бір дүкенде 3500 теңгелік шарфтар 40%-ке, бір аптадан соң тағы 5%-ке арзандатылды. Басқа дүкенде бағасы осындай шарф бірден 45%-ке арзандатылып сатылды. Шарфты қай дүкеннен сатып алған тиімдірек?
№9. Оқулықта 160 бет бар.Бірінші күні оқушы барлық кітаптың 1 -ін,
4
екінші күні қалғанының 65 % , ал үшінші күні кітаптың қалған бӛлігін оқып бітірді.Оқушы әр күн сайын оқулықтың неше бетін оқыды?
№10. И.А.Гончаров «Обломов» романында Илья Обломов кӛктемде - 25%-ке жүдеді, жазда -20%-ке толды, күзде -10%-ке жүдеді, қыста -20%-ке толды.Бір жылдағы ӛзгерісі қандай? Жүдеді ме? Толды ма?
№11. Қарабас-Барабастың сақалы ӛз салмағының 40%-н құрайтын, Буратино қиып тастағаннан кейін ол 10% -н құрайтын болды.Буратино сақалдың қандай бӛлігін қиып тастады?
№
Достарыңызбен бөлісу: |