45. Технологиялық құрал-жабдықтар ҚНжЕ 12.2.003-91 ЖҚСЖ. Өндірістік жабдықтар. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары талаптарына сәйкес болады:
1) жабдықтар қондырғыларда, алаңдарда орналасқан кезде қауіпсіз қызмет көрсету мен жөндеу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі, бұл ретте жекелеген механизмдер мен қабырғалар арасында қашықтық кемінде 1 м болады;
2) жұмыстық өтулердің ені 0,75 м, биіктігі 2 м кем болмайды.
Құрылыс жұмыстары кезінде өтулер мен жұмыс алаңдарының ені кемінде 06 м, биіктігі кемінде 1,8 м;
3) қоршау, баспалдақ, алаң құрылысы пайдалану шарты тағайындалуына, жұмыскерлердің қатысу қауіптілігін болдырмау немесе жоғарыдан құлауы және 200 кг аз жүктемеге шыдауына байланысты анықталады.
46. Технологиялық құрал-жабдықтар автоматты және механикалық түрде басқарылады, сондай-ақ жұмыстың апатсыздығы мен қауіпсіздігін, технологиялық процесті бақылау мен реттеуді қамтамасыз етеді.
47. Қызметкерлер орналасқан орындарда технологиялық сызбалар ілінеді. Бекіту құрылғылары нөмірленеді және шетінде (ашық - жабық) көрсеткіштері болады. Бекіту құрылғысының нөмірі және сызбадағы басқа да белгілеулер техникалық құрылғыда белгіленген нөмірмен және белгілермен сәйкес келеді.
48. Жабдықтарды пайдалану мен техникалық қызмет көрсету технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
49. Агрегаттарды, машиналар мен механизмдерді жұмысқа қосу, сондай-ақ оларды басқару арнайы құқық берілген тұлғаларға ғана рұқсат етіледі.
50. Жұмыс процесі кезінде барлығы немесе жекелеген желілері орын ауыстыратын агрегаттарды жұмысқа қосар кезде ұзақтығы 10 секунттан кем емес дыбыс және жарық дабылы қағылады.
Басқару нүктесінен көрінбейтін жабдықтарды жұмысқа қосу, сондай-ақ аралас басқару (қолмен және автоматты түрде) дабыл қағудың екі жақты жүйесі арқылы тапсырылған учаскеде қауіпсіз екендігін растайтын жұмыскерден жауап дабылы алынған соң ғана жүзеге асырылады. Мұндай жағдайда бірінші дабылдан кейін 30 с созылатын үзіліс ұсталады. Жабдықты жұмысқа қосар алдында ұзақтығы 30 с созылатын екінші дабыл қағылады. Механизмдер мен жабдықтардың іске қосу жүйесі көрсетілген үзілісті толық сақтауды қамтамасыз ететіндей болып жинақталады.
Механизмдердің қосу жүйесі өздігінен жіберу болмағанда электр энергиясын беру тоқтатылғанда немесе басқа да себептермен механизм тоқтаған жағдайда, оларды автоматты түрде өшіру құрылғысымен жабдықталады.
Жұмыс орындарында қолданылатын дабылдардың мағынасын түсіндіретін ескертпелер орналастырылады.
51. Аппарат жабдығын, құбыр өткізгіш бөліктерін тоқтатқанда немесе іске қосқан кезде технологиялық жүйеде инертті газбен үрлеумен, гидрат пайда боулмен немесе сұйықтың қатуымен жарылыс қауіпті қоспаның пайда болуын болдырмау бойынша қауіпсіздік шаралары орындалады.
52. Машиналар және механизмдерді қарап, жөндеу қызметтерін жүргізгенде келесілерге тыйым салынады:
жүріс үстінде жинастыру және жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
тораптары мен тетіктерін арнайы құрылғыларсыз қолмен майлауға;
қоршаусыз жұмыс істеуге және қозғалыс кезінде қоршауларды орнатуға және оларды бекітуге;
механизмдердің жұмысы кезінде қоршаудың ішіне кіруге;
желдеткіш жұмыс істемеген кезде және қалқаншасыз жұмыс істеуге.
53. Жарылыс-өрт қаупі бар жайларда пайдаланылатын аспаптар мен құралдармен жұмыс кезінде ұшқын шықпауын қадағалау керек.
54. Жұмыс орындарында аспаптар мен құралдар арнайы бөлінген орындарда сақталады.
55. Механикалық аспаптар мен құралдарды пайдалану кезінде дайындаушының пайдалану құжаттарында көрсетілген талаптар сақталады.
56. Ақауы бар жабдықтарда жұмыс істеу, сондай-ақ ақауы бар аспаптар мен құралдармен жұмыс істеуге тыйым салынады.
57. Жеңдерді аспаптар мен ауа, газ, сұйық өткізгіш құбырларының штуцерлеріне жалғау мен оларды ажырату аталған заттарды беруді тоқтатқаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
Жеңдерді өткізгіш құбырларының штуцерлеріне және аспаптарға бекіту олардың тайып кетпеуін қамтамасыз ететін арнайы қысқыштар арқылы жүзеге асырылады. Жеңдерді бекіту үшін сым мен қолдан жасалған қысқыштарды қолдануға тыйым салынады.
Газ қысымы арқылы ауа, сұйық, толысқан бу мен сусыма материалдарды беру кезінде қолданылатын жеңдер ҚНжЕ 18698-79 Текстильдік каркасы бар қысымдық резіңке жеңдер. Техникалық талаптар талаптарына сәйкес болады.
58. Жұмыс орындарының қоршауларының қызып кеткен кездегі сыртқы температурасы 45 0С аспайды. Техникалық себептермен көрсетілген температураға қол жеткізу мүмкіндігі болмаған жағдайда сәуле мөлшері және конвекциялық жылу мөлшері елеулі нүктелердің маңынан жұмыскерлерді ыстықтан қорғау шаралары жүзеге асырылады (экрандау, су-ауамен салқындату т.б.).
59. Жұмыс әсерінен туындайтын діріл тұрақты жұмыс орындары мен өндірістік жайлардың жұмыс аймақтарында және кәсіпорын аумағында ҚНжЕ 12.1.003-83 ЖҚСЖ. Шу. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары және ҚНжЕ 12.1.012-2004. ЖҚСЖ. Дірілдік қауіпсіздік. Жалпы талаптары талаптарында көрсетілген белгіден аспайды.
60. Жарылыс жұмыстарын жүргізу 19 қыркүйек 2007 жылғы № 141 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі бекіткен Жарылыс жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сай жүргізіледі.
61. Электромагнитті өріс (бұдан әрі - ЭМӨ) энергиясын тудыратын және өндіріс жұмыстары кезінде ЭМӨ әсеріне ұшырайтын қондырғыларда жұмыс істейтін қызметкерлердің жұмыс орнындағы ЭМӨ ағынының кернеуі мен қалыңдығының түбегейлі шегі, сондай-ақ ЭМӨ әсерінен бақылау тәсілдері, одан қорғану мен қорғаныш құралдары ҚНжЕ 12.1.006-84 ЖҚСЖ. Радиожиіліктерінің электромагниттік өрісі. Жұмыс орындарындағы рұқсаттамалық деңгейі және бақылау жүргізу талаптарына сәйкес болады.
62. Кәсіпорындарда радиоактивті заттарды пайдалану кезінде қолданыстағы радиактивті заттар мен басқа да ионизациялайтын сәулелену нүктелерімен жұмыс істеудің талаптары сақталады.
Радиоактивті заттарды пайдаланумен байланысты жұмыстарды жүргізу технологиялық регламентпен жасалады және бекітіледі.
63. Радиоактивті препараттар сақталған орындардан білінген сыртқы радиактивті шағылысулар байқалған тұстар тиісті дозиметрлік құралдармен бақыланады.
64. Жұмыс орындарындағы радиация деңгейі санитарлық нормалармен белгіленген ең жоғарғы мөлшерден аспайды.
Жұмыс орындарында радиоактивті изотоптарды сақтауға тыйым салынады.
65. Сұйықтарды, буларды, газдар мен диэлектрик болып саналатын сусымалы заттарды қабылдау, қайта өңдеу және орын алмастырумен байланысты ыдыстар, технологиялық жабдықтар, өткізгіш құбырлар, төгу-құю қондырғылары және басқа жабдықтар химия, мұнайхимия, мұнай өңдеу өндірісінде статистикалық электрленуден қорғалады.
66. Технологиялық ыдыс стационарлық деңгей өлшегішпен, су толған кезде дабыл қаққышпен және басқа ыдысқа құю қондырғыларымен жабдықталады.
67. Қауіп деңгейі жоғары орындарда ескерту плакаттары ілініп, немесе дыбыс (жарық) дабыл қаққышы орнатылады.
68. Ғимараттардың, жабдықтардың, құрылыс конструкциялары элементтерінің дабыл қағу-ескерту түр-түсі, сондай-ақ қауіпсіздік таңбалары СТ ҚР ҚНжЕ Р 12.4.026-2002. Дабылдау түстері, қауіпсіздік белгілері және дабылдық белгілеулер. Жалпы техникалық шарттары және қолдану тәртібі талаптарына сәйкес болады.
69. Барлық крандар мен дросселдерде кран пробкасының орналасуы айқын көрініп тұрады, дроссел лопасты вал сыртына ойып түсіріліп, ақ түспен сырланады.
Арматура білігінде (вентилдер, жылжытқыштар), шкифтер мен олардың жеткізгішінде, сондай-ақ қоршау кожухтарында оларды жабу жолын көрсететін бағыттау сызықтары болады. Егер бағыттау сызықтары болмаған жағдайда, көрсетілген арматурада ашу белгісі, қазақша «А», орысша «О» және жабу белгісі - қазақша «Ж», орысша «З» таңбалары болады.
Автоматты жапқыштарда түбегейлі көрсеткіштер (ашық-жабық) көрініп тұрады.
Автоматты түрде реттелетін жапқыштыр, клапандар, бағыттаушы аппараттарда бағыттау таңбасы көрсетілмейді.
70. Жарылыс өрт қауіпті технологиялық процесстер үшін регламентпен көзделген барынша шекті рұқсат берілетін өлшемдер мен жұмыстың барлық тәртібінде зиянды заттардың шоғырлануынан жарылыс қауіпті орта мен авариялық жағдайдың пайда болуының алдын алатын және процесстің, объектінің, жабдықтың қауіпсіз жағдайға ауысуы мен қауіпсіз тоқтауын қамтамасыз ететін реттеудің, ажыратудың, аварияға қарсы қорғаныстың автоматты жүйесі қарастырылады.
71. Жабдықтың металл бөліктерінде қорғанысты жерге тоғытуды қосуға арналған элементтер мен сәйкес белгілеулер көрсетіледі.
72. Бекіту арматурасы, реттегіш және сақтандырғыш құрылғылар жобаға, дайындаушы нұсқаулығына, технологиялық схема белгілеріне, жөндеу кезінде газ бұру мен сұйықты жинауға арналған қауіпсіздік құрылғыларына сәйкес нұсқарлармен және басқару құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Құдықта, камерада, траншеяда орнатқан кезде персонал қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басқаруға арналған қашықтық жетек қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |