Жалпы талаптар
342. Жабдықтарды пайдалану мен оларға күтім жасау технологиялық регламентке сәйкес атқарылады.
343. Жабдықтар ұйымның техникалық басшысымен бекітілген, кесте мен мерзімде қаралған уақытта ауық-ауық техникалық қараудан өткізіліп тұрады.
344. Жөндеу және монтаждау жұмыстары алдында барлық жөндеуге қатысатын жұмысшылар жөндеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру жоспарымен ЖҰЖ-бен (бұдан әрі – ЖҰЖ) таныстырылуға және еңбек қауіпсіздігі жөнінен нұсқаудан өтеді. Нұсқаудан өту журналда (карточкада) ресімделуге тиіс. Жөндеу (монтаждау) кезінде еңбек жағдайлары өзгертілген жағдайда олар қайтадан нұсқаудан өтеді.
Жұмысшылар жұмысқа жөндеуді жүргізуге жауапты адамның рұқсатымен ғана кіріседі.
345. ЖҰЖ-да жұмыс және дем алу орындарына өтетін қауіпсіз өту жолдары қарастырылады. Жөндеу жұмыстары кезінде өту жолдары мен дем алу орындары үнемі қадағаланып тұрады. Жөндеу жұмыстары жүргізілетін орындар мен барлық өту жолдары қолданыстағы нормаға сәйкес жарықтандырылады.
346. Жөндеу жұмыстарын жүргізуге жауапты адам күн сайын жұмыс басталар алдында қауіпсіздік белгілері мен ескерту плакаттарының, жұмыс орындарындағы тұрақты және тасымал шамдардың бар екендігі, сондай-ақ құралдың ақаусыздығы, жұмыс орны үстіндегі аспалардың сенімділігі, алаңдар, тіреулер, жабындылар және басқа да құрылғылар тексеріледі.
347. Жұмысшылар демалысы үшін қалыпты метеорологиялық жағдай туғызылған, жабдықталған орын жасалады.
348. Жабдықтар мен агрегаттарды, аппараттарды және коммуникацияларды іштей тексеру үшін тоқтату, тазалау мен жөндеу, сондай-ақ оларды іске қосу технологиялық регламентке сәйкес атқарылады.
349. Іштей тексеруге, тазалауға немесе жөндеуге қалдырылған жабдықтар мен агрегаттарды, аппараттар және коммуникациялар бу, су және технологиялық өткізу құбырларынан, газ жүретін жолдардан және электр қуатына қосылған көздерден ажыратылады; барлық өткізу құбырларына тығындар орнатылады; жабдықтар мен агрегаттар, аппараттар және коммуникациялар технологиялық материалдардан босатылады.
Сымдардың электрлік нобайлары алынып, іске қосу қондырғыларына немесе қосқыш рубильниктердің сабына «Қосуға болмайды - адамдар жұмыс істеуде» плакаттары ілінуге, сондай-ақ құрылғылардың өздігінен немесе қателесіп қосылудан сақтаудың шаралары жасалады.
Өткізу құбырларының тығындарының ұштары фланецтерден шығып тұрады. Олардың ұшында тығынның қандай қысымға арналғаны мен тығын нөмірі жазылып тұру қажет.
Жұмыс жағдайында уытты немесе жарылыс қаупі бар газ, бу немесе шаң ұстап қалатын агрегаттар, аппараттар және коммуникациялар оған қосымша үрленіп, ауада зиянды заттардың бар-жоғына талдау жасалады. Жөндеу үрдісі кезінде ауа тазалығына ауық-ауық тексеру жүргізіліп тұрады.
350. Жөндеу жұмыстарының аймағы жұмыс істеп тұрған жабдықтар мен коммуникациялардан бөлек қоршалуға, қауіпсіздік белгілерімен, плакаттармен, дабыл құралдарымен қаматамасыз етіледі және нормаға сәйкес жарықтандырылады.
351. Жөндеуде, тексерілуде немесе тазалауда тұрған жабдықтар мен өткізу құбырларына «Жабдық (аппарат) жөндеуге қойылған», «Өткізу құбыры жөндеуге қойылған» және т.б. ескерту плакаттары ілінеді. Плакаттарды алу және жабдықтарды немесе өткізу құбырларын іске қосу тек жөндеу жұмыстарына жауапты адамның рұқсатымен ғана болады.
352. Барлық жөндеу жұмыстары ұйымның тағайындалған техникалық басшысының қадағалауымен атқарылады.
353. Қыздырылған жабдықтар, газ жолдары мен жабық үңгірлер ішіндегі жөндеу жұмыстарына желдетіліп, ауа температурасы 40 0С-ға жеткеннен кейін ғана рұқсат етіледі.
Жөндеу жұмыстарын ауа температурасы 40 0С-тан асқанда жүргізуге ерекше жағдайларда ғана рұқсат етіледі. Мұндай жұмыстар тізбесі мен қауіпсіздік шараларын ұйымның техникалық жетекшісі бекітеді.
354. Жарылыс және өрт қаупі бар жайларда атқарылатын жөндеу жұмыстары жарылыс және өрт қаупі бар нысандарда отты жұмыстарды жүргізудің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарына сәйкес атқарылады.
355. Жүктердің орнын ауыстыру жөніндегі барлық жұмыстар жұмыстар жүргізу мен жүктерді ауыстырудың қауіпсіздігі үшін жауапты адамның рұқсатымен ғана атқарылады. Аса үлкен және ауыр жүктерді көтеру мен орнын ауыстыру жөндеу жұмыстарын жүргізуге жауапты адамның қатысуымен ғана атқарылады.
Ірі тетіктермен атқарылатын такелажды жұмыстар кезінде ол учаскедегі басқа барлық жұмыстар тоқтатылады.
356. Жөндеу жұмыстары мынандай жағдайларда тоқтатылады:
егер жөндеудегі жабдыққа қолданыстағы жабдықтың кез келген бір бөлігі жалғанса;
жұмыс өндірісінің қауіпсіздік талаптарына сәйкессіздігі анықталса;
жұмысшылардың өмірі мен денсаулығына қатер төнсе;
жұмыс сипаты жабдықты ажырату нобайын немесе оларды атқару шарттарын өзгертетіндей дәрежеде өзгерсе;
апат туралы белгі берілсе.
357. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін барлық қажетсіз конструкциялар, құралдар, материалдар, аспаптар мен қоқыстар тазартылып, барлық қоршаулар мен ескерту қондырғылары мен кедергілер орындарына қойылады, ал жөндеуші адамдар жұмыс өндірісі орнынан шығарылады.
358. Негізгі металлургиялық агрегаттарды жөндеу мерзімін ауыстыруға ұйымның техникалық жетекшісінің рұқсатымен ғана жол беріледі.
359. Негізгі металлургиялық агрегаттар күрделі жөндеуден (қайта жарақтандырудан) өткеннен соң тек қабылдау комиссиясы қатысуымен қабылдап алғаннан кейін ғана пайдалануға беріледі.
9 – тарау. Санитарлық талап тар
360. Ауаның температурасы, ылғалдылығы, ауа қозғалысының жылдамдығы және жұмыс аймағы ауасындағы зиянды заттардың мөлшері ҚНжЕ 12.1.005-88 ЖҚСЖ. Жұмыс аумағының ауасына қойылатын жалпы санитарлық-гигиеналық талаптар талаптарына сәйкес болады.
361. Барлық цехтар мен бөлімшелердің жұмыс орнына таяу жерлерінде аптечкамен, дәрі-дәрмектермен, зембілдермен және басқа да зардап шеккендерге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету құралдарымен жабдықталған санитарлық орындар болады.
Дәрі-дәрмектердің сақталуы мен толықтығын ұйымның басшылығы қадағалап отырады.
362. Өндірістік жайлардан тыс жерлерде жұмыс істейтіндер үшін «Өнеркәсіп кәсіпорындарының көмекші ғимараттары мен жайлары» ҚНжЕ сәйкес жабдықталған жылыту орындары болады.
363. Өндірістік цехтарда жұмыс істейтіндердің ауыз су тұтыну тәртібі санитарлық нормалар талаптарына сәйкес болады.
364. Тамақтануға тек асханалар мен дәмханаларда және сол үшін арнайы бөлінген жайларда ғана рұқсат етіледі. Жұмыс орындарында тамақтануға болмайды.
365. 1-класты қауіпті заттар бар цехтарда асхана, дәмхана және арнайы тамақтандыру орындарын салуға болмайды.
366. Ыстық таңертеңгі және емдік-профилактикалық тамақтар кәсіпорын асханаларында ғана таратылады.
367. Уытты заттармен жұмыс істейтін жұмысшылар мен қызметкерлерге берілетін қосымша және арнайы тамақ кәсіпорын асханасында немесе арнайы жабдықталған пункттерде ғана таратылады.
Уатқыш-байыту жабдықтарының өнеркәсіптік қауіпсіздігінің талаптары
1 – тарау. Жабдықтарды пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу
368. Механизмдердің үйкелмелі бөліктерін майлау жүйесі ауа өткізбейтіндей болады. Жабдықтардың қол жетпейтін, сондай-ақ жиі майлауды қажетсінетін бөліктері көп болған жағдайда, майлау жұмыстары бір орталықтан жүргізіледі.
Машиналар мен механизмдерді қолмен майлау олар толық тоқтап тұрған кезде немесе олар жұмыс істеп тұрған кезде бұл операцияның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы құралдың көмегімен ғана рұқсат етіледі.
369. Барлық май құйылатын сыйымдылықтар және мойынтірек корпусы белгіленген деңгейге дейін маймен толтырылады. Домалау мойынтірегінің корпусы, қызып кетпеуі үшін, майлағышпен 2/3 көлеміне дейін толтырылады.
370. Сұйық майлардың айналыстық жүйесі үшін дұрыс жұмыс істеу көрсеткіштері келесілер болады:
үйкеліс торабына майды қажетті қысыммен беру (қысым релесі және басқаның көмегімен бақыланады);
майдың қажетті мөлшерінің берілуі (деңгейінің түсуін көрсететін дабылдағыштармен бақыланады, майды құйып алуда ағымдық релемен және үйкеліс торабына май беруде сұйықтың ағымын көрсеткіш бойынша);
қажетті тұтқырлықтағы майды беру, оны қыздыру немесе суыту арқылы қамтамасыз етіледі.
371. Машинаның басты жетегінің электрлік қозғағышы бірінші іске қосылатын майлау жүйесінің жұмысымен автоматтандыру аспаптары және құралдарының көмегімен бұғатталған (сблокирован) болады.
372. Майлау жүйесі жұмысының параметрлері рұқсат берілетін шектерден асып кеткен жағдайда (температура, қысым, майдың мөлшері) егер майлау машинасының ажыратылуы автоматты түрде жүрмеген болса, онда ол тоқтатылады
373. Технологиялық қызметкерлер жүйеден сұйық немесе қою майлар ағып, жабдықтың негізіне (фундамент) тимеуін қадағалауға міндетті, ал егер май ағып жатқан жерді жөндеу ұзақ уақытты қажет ететін болса, онда майды ұстау үшін табақтар немесе сыйымды ыдыстар қойылады.
374. Сұйық майлаудың айналыстық жүйесі болған жағдайда майдың қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау мақсатында майдың сынамасын талдау үшін алу айына бірден кем емес ретте жүргізіледі.
375. Жабдықтар бойынша нұсқаулықтарда майлау жөнінде нұсқаулар болмаған жағдайда технологиялық қызметкерлер төмендегілерді басшылыққа алуға міндетті:
1) майдың деңгейін кестеге сәйкес ұстауға;
Көрсеткіштер болмаған жағдайдағы майдың мүмкін болатын шектік деңгейі
Механизм
|
Майдың деңгейі
|
1
|
2
|
Цилиндрлік редукторлардың картер дөңгелектерінің айналымдық жылдамдығы 3 м жоғары болғанда
|
Майдың деңгейі дөңгелекті тісінің биіктігіне дейін батыруды қамтамасыз етуі тиіс.
|
Конустық редукторлардың картері
|
Майдың деңгейі дөңгелекті тісінің барлық ұзындығына толық батыруды қамтамасыз етуі тиіс.
|
Иірмекті редуктор: иірмегі үстінде орналасқан жағдайда
Иірмегі төменгі жағында орналасқан жағдайда
|
Майдың деңгейі иірмекті дөңгелектің тісінің биіктігіне батырылуын қамтамасыз етуі тиіс
Майдың деңгейі иірмектің толық батырылуын қамтамасыз етуі тиіс
|
Бак-тұндырғыштар
|
Бактың 0,4 биіктігіне
|
2) бак-тұндырғышқа судың құйылуына жол бермеу, судың болуының келесі белгілері бар: майды бактан ығыстырп шығару; майөлшейтін шыныда судың пайда болуы; бак-тұндырғыштың түбінде орналасқан бұрағышты ашқанда судың ағуы;
3) ұсатқыштар мен майдалағыштардың майжүйесіндегі майдың температурасы температура 65 0С; цилиндрлік және конустық берілісті редукторларда 60-65 0С; иірмекті берілісті редукторда 75 0С-тан артпайды;
4) мойынтірек корпусының температурасы 60 0С артпайды;
5) майды ауыстыру кестеде келтірілген көрсеткіштердің бірі артып кеткен кезде жүргізіледі.
Майдың ластануының мүмкін болатын шектік көрсеткіштері
Көрсеткіштері
|
Ауысым соңында қалпына кел-тірілуі тиіс май
|
Ауысым соңын-да қалпына кел-тірілмейтін май
|
1
|
2
|
3
|
Қышқылдық сан, мгКОН/г
|
3,0
|
4,0-6,0
|
Ерімейтін қышқылдардың мөлшері
|
жоқ
|
жоқ
|
Су суырындысының реакциясы
|
бейтарап
|
бейтарап
|
Судың мөлшері, %
|
0,2
|
0,2
|
Абразивті сипаттағы механикалық қоспалардың мөлшері, %
|
Жоқ
|
0,01
|
Абразивтік емес сипаттағы механикалық қоспалардың мөлшері, %:
|
|
|
Майлаудың айналыстағы жүйесі үшін
|
0,1
|
1,0
|
Майлаудың құю жүйесі үшін
|
0,5
|
2,0
|
Ескертпе. Қалпына келтіруге жатпайтын майлар үшін шектік қышқылдық сан:
индустриальдық 50 4,0
турбиналық 4,5
цилиндрлік 38 , 6,0
376. Байыту фабрикаларының жабдықтарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету ұйымның техникалық басшысымен бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.
377. Жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету кезінде стандарттық тораптары және механизмдерге: болттық, шпонкалық біріктірулер, мойынтіректер, жалғастырғыш муфта, редукторлар және тісті беріліс осы Талаптың 378-427 тармақтарын басшылыққа алады.
378. Болттармен біріктіріп жалғанған жерлері сызбамен қарастырылған мөлшерден кемітілген машиналар, механизмдер және торабтарды пайдалануға рұқсат етілмейді.
379. Серіппелі тығырықтар тіректік бетке периметрі бойынша толық жанасып жатады.
380. Кесілген жеріндегі ұштық ажыратқышы тұғырық қалыңдығынан кіші серіппелі тұғырықтарды орнатуға тыйым салынады.
381. Беттері көлбеу бөлшектерді болттармен бекіткен кезде қисық тұғырықтар салынады.
382. Гайкалық кілттер гайканың өлшеміне сәйкес келеді, үлкен кілттердің саңылауына қандай-да бір төсеме салу арқылы пайдалануға тыйым салынады.
383. Жиналған қосындыда болт өзегі (шпилька) гайка үстінен бұранданың 2-3-тен артық емес орамына ғана шығып тұрады. Гайка астына бірнеше тұғырық немесе үлкен диаметрлі гайка салу арқылы ұзартылған болттарды пайдалануға рұқсаттама берілмейді.
384. Шпилькілер өз ұяларында тығыз, тірелгенге дейін бояумен «сурик, ақ бояу) оралған болады; гайканы бұрап алу кезінде бұралып, айналып кеткен шпилькалар ауыстырылады.
385. Ауысымды қабылдаған кезде ауыспалы жүктеме түсетін немесе жоғары температура әсер ететін болттық біріктірулер міндетті түрде тексеріледі.
386. Барлық түрдегі шпонкалық біріктірулерге шпонка тығыз отыруы үшін қандай болса да бір төсем қоюға рұқсаттама берілмейді.
387. Шпонкалық біріктірулерді тексеру ауысымды қабылдау кезінде, жабдықтарды тексеру және жөндеу кезінде жүргізіледі.
Ауысымды қабылдау және тапсыру кезінде тек ауыспалы жүктеме түсетін және жабық корпустардан тыс орналасқан шпоналық қосылыстарды қарап тексереді.
Қарап, байқау кезінде келесілер тексеріледі:
сыналық және жанама шпонкаладың бекітілу сенімділігі;
шпонканың орынынан қозғалмауын, оның кертпеде отырғызылуының босамауы.
388. Тораптың жұмысы кезінде тарсыл болған жағдайда шпоналдық қосылыстар жөнделеді немесе ауыстырылады.
Кеңіп, тозған шпоналық ойықты ені оның бастапқы өлшемінен 15 % артық емес мәнге ұлғайған жағдайда ғана қалпына келтіріп жөндеуге рұқсаттама беріледі.
389. Сырғанау мойынтірегінің астарлық салмасының жұмыстық беті білік мойнына жылдам қозғалыстағы біліктер үшін (айналыс жиілігі минутына 300-ден артық) 1 см2-қа төрт дақтан кем емес, және жайжүрісті біліктер үшін (айналыс жиілігі минутына 300-ден кем) екі дақтан (пятеннен) кем емес мәнде шабровка тығыздығымен кигізіледі.
Дақтың ең қоюлығы жүктеменің бағытына қатысты алғанда 30-900 бұрышпен симметриялы орналасады, білік мойны астарлық салмаға тіректік салманың бетіне қарағанда 60 % кем емес мәнде жақын орналасады.
390. Таңбалары айнымалы жүктемемен жұмыс істейтін мойынтіректерде төменгімен қатар жоғары салмалары да шабровкаға жатады (мысалы реверсивтік редукторларда).
391. Цапфалар мойнының жұмыстық бетіндегі ұсақ сыдырулар мен терең емес сызаттарды орнында барқыт егеумен тегістеу арқылы жоюға болады, астарлық салмалардағы осындай ақауларды шабровкамен жояды.
Антифрикциялық қортпамен құйылған астарлық салмаларды егеуқұммен өңдеуге рұқсат берілмейді.
392. Бойында жарығы бар салмалар мен төлкелер қалпына келтіріледі немесе ауыстырылады.
393. Жабдықтардың 3 класс дәлдігі бойынша дайындалған мойынтіректерінде салмалар (төлкелер) келесі жағдайларда жөнделеді немесе ауыстырылады:
диаметрлік саңылауы ұлғайған кезде;
бірқалыпты орташа жүктемеде – 3 реттен көп есе;
жоғары жүктемеде – 2 реттен көп есе.
394. Баббиттік салмалар келесі ақаулардың бірі аңғарылған жағдайда қайта құйылып, соңынан білік мойны бойынша шақтап, келтіріледі:
салманы соғып тексергенде тұйық салдырлаған дыбысы бойынша аңғарылатын баббит қабатының қабатталып бөлінуі немесе салманың корпусынан бөлінуі;
баббиттік қабат қалыңдығының осы механизм бойынша рұқсаттама берілетін мәннен үлкен шамаға жұқаруы.
395. Мойынтіректердің қатты қызуының барлық жағдайларда да оларды мұзбен немесе су құйып салқындатуға тыйым салынады.
396. Сұйық майлаудың айналымдық жүйесі бар мойынтіректерде ауысымына бірден кем емес ретте берілетін майдың мөлшері, ал сақиналық майлану жүйесі бар мойынтіректер – сақинаның айналу сипаты тексеріледі. Сақинаның баяу айналуы майдың артық берілуін, ал оның жеңіл сыңғырлауы май деңгейінің жеткіліксіз екендігін көрсетеді.
397. Шаңды ортада жұмыс істейтін сақиналық майлану жүйесі бар мойынтіректерде майды ауыстыру 3 айдан кейін жүргізіледі.
398. Домалау мойынтіректері ақаулар мен зақымданулардың келесі түрлерінің бірі болған жағдайда ауыстырылады:
1) арықшалар түзе тозу, қабатталуы немесе домалау денесінде немесе сақинаның жүгіртпе жолында қажу іздері пайда болғанда;
2) ішкі немесе сыртқы сақина және айналу денесінің жұмыстық бетінде жарықтар пайда болғанда;
3) айналыстағы сақинананың ернеуі немесе айырғыштың бүлінуі;
4) жауапты машиналардың домалау мойынтіректеріндегі радиальдық саңылаудың 0,5 мм артық ұлғаюы, (тозуы салдарынан) жауаптылығы төмен машиналарда 0,8-1.0 мм артық мәнге ұлғаюы;
5) мойынтіректердің домалау денелерімен жинақталмауы (шариктер мен роликтердің толық жинағының болмауы).
399. Қолданылған жалпы қолданымға тағайындалған мойынтіректерді қайталап жұмысқа жіберіуге радиальдық саңылаулары шарлы мойынтіректер үшін 0,2 мм-ден және роликті мойынтіректер үшін 0,25 мм артық емес болған шартта рұқсат етіледі.
400. Домалау денесі бетінде, жүгіртпе жолы немесе айырғыштарын тат басқан домалау мойынтіректерді орнатуға тыйым салынады.
401. Домалау мойынтіректері бар тетіктерді монтаждау және бөлшектеу кезінде жинау алдында білікке отырғызу орны және корпусы минералдық маймен майланады.
402. Сақиналарды отырғызу тығыздығын қамтамасыз ету мақсатында, орнату орнын кернделуі және мойынтірек сақинасының астында аралық төлкелер және төсемдер орнатуға рұқсат етілмейді.
403. Шевронды немесе екітәжді қисықтісті дөңгелектері бар редукторларда осьтік бағытта корпусқа қатысты алғанда тек редуктордың соңғы сатысындағы білік бекітіледі. Редуктордың қалған біліктері өздігінен орнатылатын болады, ол үшін екі мойынтіректің әрбір білігінің сыртқы сақиналарының осьтік орын ауыстыру мүмкіндігі болады.
404. Білік пен күпшектің жарты муфтасы арасына төсемелер орнатуға, сондай-ақ отырғызудың тығыздығын қамтамасыз ету мақсатында білікті керндеуге рұқсаттама берілмейді.
405. Тістерінің қалыңдығы бойынша тозуы бастапқы өлшемінің 30 % артық тісті муфталарды пайдалануға рұқсат етілмейді.
406. Тісті муфталарды майлауды ҚНжЕ 3781-53. Трансмиссиялық автомобильдік жаздық май бойынша трансмиссиялық автомобильдік маймен жүргізеді.
407. Тісті муфталарды консистентті майлағышпен майлауға рұқсат етілмейді.
408. Тығыздағышының тозуы салдарынан жұмыс кезінде майлағыш материалдың ағуы жүретін тісті муфталарды пайдалануға рұқсат етілмейді.
409. Біліктерді қосып, жалғау кезінде келесілерге рұқсат етіледі:
көлденең-оралатын, жұдырықшалы-дискілік және төлкелі-саусақты муфталардың біліктерінің қисаюы – 30' – тен артық емес, шынжырлы муфталарда – 10, тістілерде – 1030' болғанда;
жұдырықшалы-дискілік муфталар үшін радиальдық жылжытылу - жартымуфтаның 0,04 диаметрі, шынжырлыға - 1,2 мм, тісті муфталар үшін - кестеге сәйкес.
Тісті муфталар біліктерінің рұқсаттама берілетін радиальдық ығысулары
-
Муфта білігінің диаметрі, мм
|
Радиальдық ығысу, мм
|
Муфта білігінің диаметрі, мм
|
Радиальдық ығысу, мм
|
Муфта білігінің диаметрі, мм
|
Радиальдық ығысу, мм
|
Муфта білігінің диаметрі, мм
|
Радиальдық ығысу, мм
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
40
|
0,4
|
105
|
1,3
|
220
|
2,1
|
400
|
3,7
|
50
|
0,6
|
120
|
1,5
|
250
|
2,6
|
450
|
4,1
|
60
|
0,8
|
140
|
1,6
|
280
|
2,7
|
500
|
4,6
|
75
|
1,0
|
160
|
1,7
|
320
|
2,9
|
560
|
4,7
|
90
|
1,2
|
180
|
1,9
|
360
|
3,4
|
|
|
410. Қапталдық муфтыларды жалғағанда болттардың жартысы ҚНжЕ 7817-80. Басы бұрау тесігі үшін кішірейтілген алтықырлы болттар. Конструкциясы және өлшемі бойынша бұрау тесігіне саңылаусыз орнатылады, қалған болттар ҚНжЕ 7808-70. А дәлдік класының басы кішірейтілген алтықырлы болттар. Конструкцисы және өлшемдері бойынша саңылаумен орнатылады. Саңылаусыз болттар қызыл бояумен белгіленеді.
411. Төлкелі-саусақты муфталарда саусақтарды бекіту тесіктерінің тозып кеңеюіне жол берілмейді. Тығыз сақиналар мен жартымуфтадағы тесіктер арасындағы ең үлкен саңылау сақина диаметрінің 6 % артпайды.
412. Жұдырықшалы-дискілік муфталарда шығыңқы жер мен жартымуфта ойықтары арасындағы саңылау муфтаның өлшемі мен олардың орнатылу жеріне байланысты 0,5-2 мм артпайды
413. Цилиндрлік тісті берілістерді орнатқан кезде бүйірлік саңылау кестеде көрсетілген шектерде болады.
Достарыңызбен бөлісу: |