Байланыс жүйелерінің негіздері


 дәріс. Байланыс желісінің архитектурасы



Pdf көрінісі
бет8/23
Дата17.05.2023
өлшемі1.3 Mb.
#473825
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
электрмен корек (1)

5 дәріс. Байланыс желісінің архитектурасы 
Дәрістің мақсаты: байланыс желісінің архитектурасымен және желіні 
құру принциптарымен танысу. 
Байланыс желісі электр байланыс желілерінің және қызметтерінің 
жиынтығынан тұрады.
Біріншілік желі – желілік түйіндердің, желілік станциялардың және 
жіберудің және топтық жолдардың стандартты каналдарының желісін түзетін 
жіберу желілерінің жиынтығы. «Біріншілік желі» термині ағылшын тіліндегі 
«Transmission Network» - жіберу желісі терминіне, сонымен қатар орыс 
тіліндегі «тасымалдау желісі» терминіне сәйкес келеді. Байланыстың 
екіншілік желісі электр байланыс қызметтерінде сигналдарды тасымалдауға, 
коммутациясын және таралуын қамтамасыз етеді. Желі немесе электр 
байланыс желісі (network, telecommunication network) – бұл екі немесе одан да 
көп белгілі тармақтар арасында олардың арасындағы электр байланысты 
қамтамасыз ету мақсатында жалғауды қамтамасыз ететін түйіндердің және 
желілердің жиынтығы. Электр байланыс қызметі (service, telecommunication 
service) – бұл электр байланыс қызметтерінде белгілі қажеттіліктерді 
қанағаттандыру мақсатында электр байланыс әкімшілігімен және оның 
абоненттермен қамтамасыз етілетін қызмет, мысалы, телефон байланысы 
қызметі, мәліметтерді жіберу қызметі, КК бар деректерді жіберу қызметі, ПК 
және т.б. бар мәліметтерді жіберу қызметі. 
Қызмет деп тұтынушыларға ұсынылатын қызмет көрсетулердің 
жиынтығы, желі деп осы қызмет көрсетулерді ұсыну мүмкіндігін қамтамасыз 
ететін техникалық құралдардың жиынтығы. Бұрын әрбір қызмет өз желісімен 
қамтамасыз етілетін, бірақ деректерді жіберуді дамытумен деректерді жіберу 
қызметі телефон желісін, Телекс желісін, сонымен қатар коммутацияланбаған 
каналдарды қолданып, өз жеке желісі болмай-ақ сәтті дами түсті. Кейін 
деректерді сапалы жіберуді қамтамасыз ету үшін арнайы желілер жасалды 
(КС бар желілер, КК бар желілер және КП бар желілер), яғни бір қызметті 
бірнеше желілермен қамтамасыз етуге болады және бір желі бірнеше 
қызметтерді қолдай алады.
Желіні құрудың негізгі принциптері. Базалық принциптер байланыс 
желілерін тұрғызудың жалпы негіздерін анықтайды: әртүрлі түрдегі және 
арнаудағы желілердің өзара қарым-қатынасының өзара байланыс принцибі
желілерді иерархиялық тұрғызу принцибі; жалпы және шектеулі 
қолданыстағы желідегі желілерді бөлу принцибі; желілердің төзімді және 
сенімді қызмет ету принцибі; халықаралық және ұлттық стандарттар мен 
ұсыныстарға сәйкестік принцибі. Құрылымдық принциптер: арналуына 
тәуелді түйіндерді және желі станцияларын кластарға және түрлерге бөлу; 
әртүрлі желілерді және байланыс құралдарын (кабельді, радио, соның ішінде 
спутниктік) кешенді қолдану; түйіндердің кез келген жұбы арасында үш 


21 
географиялық кеңітілген трассалары бойынша өтетін үш жолды қамтамасыз 
еткен жағдайда біріншілік желінің байланысқан топологиясын құру; 
сақиналық құрылымдарды құру; әртүрлі операторларға тиесілі желілерді 
жалпы түйіндерді және байланыс желілерін ұйымдастыру арқылы желілерді 
жалғау; басқару және мониторинг жүйелері желілерін қамту. 
Біріншілік желі құрылымы. Біріншілік желі – желілік түйіндердің, 
желілік станциялардың және жіберудің және топтық жолдардың стандартты 
каналдарының желісін түзетін жіберу желілерінің жиынтығы. Ауылдық аудан 
немесе қаланың аумағымен шектелетін біріншілік желі бөлігі жергілікті 
біріншілік желі деп аталады. Аймақ ауданын қамтитын және осы аймақтың 
ішінде әртүрлі жергілікті желілер арасында жалғауды қамтамасыз ететін 
біріншілік желінің бөлігі аймақішілік біріншілік желіні түзеді. Осылай аймақ 
шегінде жергілікті желілер арасында байланыс ұйымдастырылады. Аймақтың 
шекаралары әкімшілік-аумақтық бірліктер шекарасымен сәйкес келеді. 
Аймақішілік желіге сонымен қатар қала шегінде аумақтық орналасқан, бірақ 
АҚАТС арқылы байланысты ұйымдастыруға арналған жіберу желілері 
жатады. Елдің бүкіл аумағында магистралды жіберу желілері көмегімен 
әртүрлі аймақішілік желілерді өзара жалғастыратын біріншілік желі бөлігі 
магистралды біріншілік желіні құрайды (5.1 суретті қара). Желілік түйін – бұл 
стандартты жіберу каналдарын және топтық жолдарды ұйымдастыру үшін, 
сонымен қатар оларды тасымалдау үшін арналған техникалық құралдардың 
кешені.  
5.1 сурет – Біріншілік желі құрылымы
Желілік станция – бұл стандартты жіберу каналдарын және топтық 
жолдарды ұйымдастыру үшін, сонымен қатар осы каналдарды және жолдарды 
екіншілік желілерге ұсыну үшін арналған техникалық құралдардың кешені. 
Магистралды аймақішілік және жергілікті біріншілік желілерде өзіндік 
желілік түйіндер және станциялар бар [3]. Магистралды желілік түйіндер 
жіберудің магистралды желілерінің қиылыстарында жасалады. Магистралды 
желілік станциялар магистралды біріншілік желінің жіберу тізбегінің соңында 


22 
орналасады. Аймақішілік желілік түйіндер аймақішілік жіберу желілерінің 
қиылыстарында, ал аймақішілік желілік станциялар осы желілердің соңғы 
тармақтарында орналасады. Жергілікті желілік түйіндер жергілікті жіберу 
желілерінің қиылыстарында орналасады. Жергілікті желілік станциялар 
жергілікті біріншілік желінің жіберу желілерінің соңғы тармақтарында 
орналасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет