27
тұрғызылуы мүмкін. Бұл кезде аймақтың әртүрлі қалаларында жергілікті
желілер
АҚАТС бойынша бөлінген, яғни әрбір жергілікті желі ТЖЖ және
тірек АҚАТС бар жоғары сапалы қызмет көрсету ҚАЖЖ шоғырларымен
байланысқан желіні тұрғызу нұсқасы ұсынылады. Аймақтың барлық АҚАТС
өзара жоғары сапалы қызмет көрсету каналдары бойынша «бірінен соң бірі»
принцибі бойынша байланысуы тиіс. Аймақтың бірнеше АҚАТС бір қалада
орналастырған кезде барлық жергілікті желілер бір АҚАТС-мен жоғары сапа
ҚАЖЖ шоғырларымен жалғасуы тиіс. Әрбір жергілікті желі әдетте бір
АҚАТС-ға ТЖЖ шоғырларымен қосылады. Қаланың барлық АҚАТС
сонымен қатар олар бойынша қызметтік АТС арасында байланыс жүзеге
асырыла
алатын
жоғары
сапалы
қызмет
көрсету
каналдарының
шоғырларымен өзара байланысуы тиіс. Екі
немесе одан көп нөмірлеу
аймақтарының облысында ұйымдастырған кезде бөлудің анықтаушы
факторлары болып табылады: теориялық телефонды сыйымдылық
(болашағын ескере отырып, 8 миллион нөмірлер); экономикалық факторлар
(үлкен аумақ, әкімшіліктік бөлу ерекшеліктері,
біріншілік желінің
конфигурациясы және т.б.). Қалалық аймақ ішіндегі байланыс жергілікті желі
принциптері бойынша, ал облыстық аймақ ішінде – аймақішілік желі
принцибі бойынша ұйымдастырылады. Қалалық және облыстық аймақтар
арасындағы байланыс ұйымдастырылады: қалалық аймақтан
облыстық
аймаққа – қалалық аймақтың АҚАТС арқылы және бұдан кейін ҚАЖЖ
бойынша облыстық аймақтың жергілікті желілерінің ОС дейін; облыстық
аймақтан қалалық аймаққа – ТЖЖ бөлінген шоғыры бойынша облыстық
аймақтың жергілікті желісінің соңғы станциясынан қалалық аумақтың
АҚАТС-на. Қалалық аймақтағы осы екі аймақтардың байланысын
ұйымдастыру үшін арнайы облыстық АҚАТС (ОАҚАТС) орнатылуы мүмкін.
Бұл жағдайда ОАҚАТС қалалық аймақ абоненттеріне шығу үшін облыстық
аймақтың жергілікті желілерінің ТЖЖ қосылады. Қалалық аймақ
абоненттерінің облыстық жергілікті желілерге
шығуын қалалық АҚАТС
арқылы немесе қалалық және облыстық АҚАТС-ОАҚАТС арқылы СТЖ
бойынша ұйымдастыруға болады. АҚАТС жоқ жергілікті желілерде барлық
аудандық АТС аймақтың АҚАТС байланыстыру үшін ТЖЖ түйіні немесе БЖ
түйініндегі ҚТС (КТС) кіретін ТЖЖ жалпы шоғыры ұйымдастырылады.
Ауылдық желілердің станциялары СС немесе ауыл-қала жанындағы байланыс
торабы кіретін жалпы ТЖЖ бойынша АҚАТС аймағымен байланысады.
Торап түзумен аудандастырылған ҚТС (КТС) абоненттерімен байланысу үшін
ҚА КХТ ұйымдастырылады, олардың әрқайсысы ҚАЖЖ шоғырымен АҚАТС
байланысады. Егер ҚА КХТ мыңдаған абоненттерден бірден артық топқа
қызмет көрсететін болса, онда АҚАТС-дан ҚА КХТ-қа байланыс немесе бір
жалпы ҚАЖЖ шоғыры немесе әртүрлі жүз мыңдаған топтар үшін жеке
ҚАЖЖ шоғырлар бойынша ұйымдастырылады.