25
Ауылдық телефон желілерін құру принциптері. Ауылдық ТС тура және
айналма жолдарды қолдану мүмкіндігімен радиалды тұрғызуды (бір сатылы
сызба) және радиалды-түйіндік тұрғызуды (бір және екі сатылы сызба)
қарастырады. Ауылдық ТС тұрғызудың көрсетілген принциптеріне сәйкес
онда қолданылады: аудандық орталықта орналасқан, бір уақытта аудандық
орталықтың телефонды станциясының және ауылдық ТС тасымалдау
түйінінің қызметтерін орындайтын орталық станция (ОС). Орталық станцияда
радиалды тұрғызу кезінде соңғы станциядан (СС) немесе радиалды-түйіндік
тұрғызу кезінде соңғы станциядан және түйіндік станциялардан жалғағыш
желілерді (ЖЖ) қосады; орталық станция
арқылы автоматты қалааралық
телефон станциясымен байланысты жүзеге асырады. Ауылдық ТС
тұрғызудың бір сатылы сызбасы екі сатылы сызбамен салыстырған кезде
станциялық жабдықты жеңілдетеді, сенімділікті арттырады. Бір сызбаны
қолдану тұрғындардың тығыздығына және елді мекендердің арасындағы
қашықтыққа тәуелді. Ауылдық ТС тұрғызудың екі сатылы сызбасын
техникалық-экономикалық орындылық жағдайында ғана қолдануға болады.
Түйіндік станциялар және орталық станциялар
төрт сымды тасымалдауды
қамтамасыз етуі тиіс. Орталық станцияның сыйымдылығы бірнеше жүздеген
нөмірден бірнеше мыңдаған нөмірлерге дейінгі шектерде болуы мүмкін.
Соңғы станция мен түйіндік станцияның сыйымдылығы елуден бірнеше
мыңдаған нөмірлерге дейінгі шекте болуы мүмкін. Байланыстың сенімділігін
және өміршеңдігін жоғарлату, жалғағыш желілердің өткізгіштік қабілетін
арттыру, КЖ жақсы қолдану және артық жүктемелермен күресу мақсатында
тура және айналмалы жолдарды қолдану қажет. Автоматты қалааралық және
аймақішілік байланыстарды ұйымдастырған кезде орталық станцияда,
түйіндік станцияда және соңғы станцияда оларда АОН аппаратурасы
орнатылған жағдайда қолданыстағы координатты
станцияларды сақтауға
рұқсат етеді. Ауылдық телефон станциясында ҚТС қарағанда аналог-сандық
аналогтың бірнеше ауысулары мүмкін және сандық станциялар арасында
«бос» стандартты ИКМ жолы болмаған жағдайға рұқсат етіледі немесе олар
аналогты интерфейстерді қолдана отырып, ауылдық ТС қосылады. Түйіндік
станция және орталық станция ретінде станцияны қолданумен радиалды-
түйіндік принцип бойынша ауылдық ТС құруға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда
орталық станция арқылы айналма жолмен әртүрлі түйіндік станциялар
арасында жоғары қолданудың тура жолдарын ұйымдастыру мүмкін.
Ауылдық ТС екі бағытты және бір бағытты жалғағыш
желілерді қолдануға
болады, біреуі жергілікті байланыс үшін, сондай-ақ қалааралық байланыс
үшін қолданылады. Желілердің шоғырының түрін таңдау (бір бағытты немесе
екі бағытты қолдану), сонымен қатар жергілікті және қалааралық байланыс
үшін жеке шоғырлы желілерді қолдану туралы сауалды шешу техникалық-
экономикалық негіздемемен анықталады. Ауылдық ТС абоненттердің
анықтамалық, тапсырыс беру және шұғыл қызметтермен байланысу
мүмкіндігін қарастыруы тиіс. Аудандастырылмаған телефон желісі бар
аудандық орталықта арнайы байланыс торабы (АБТ)
тікелей орталық
26
станцияда ұйымдастырылады. Орталық станцияға, түйіндік станцияларға
немесе соңғы станцияларға кіретін шұғыл қызметтері бар байланыс ауылдық
ТС барлық абоненттерін, соның ішінде БТЖ желісіне шығуға құқығы жоқ
түйіндік станция және соңғы станцияның өндірісішілік абоненттерін
қамтамасыз етуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: