Байланыс жүйелерінің негіздері


  11 дәріс. Кеңжолақты ISDN



Pdf көрінісі
бет16/23
Дата17.05.2023
өлшемі1.3 Mb.
#473825
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
электрмен корек (1)

 


44 
11 дәріс. Кеңжолақты ISDN 
Дәрістің мақсаты: кеңжолақты ISDN желісімен танысу және 
телекоммуникациялық технологиялардың даму кезеңдерін қарастыру. 
Берілетін ақпараттың көлемінің ұлғаюымен және бірінші кезекте, 
талшықты-оптикалық желілер секілді жаңа кеңжолақты байланыс 
арналарының пайда болуымен байланысты 80-ші жылдардың ортасында 
телекоммуникацияның жаңа технологиясы- кеңжолақты ISDN (B-ISDN) дами 
бастады. Пайдаланушыларға әлдеқайда үлкен жылдамдықтарда (секундына 
ондаған және жүздеген мегабит) жұмыс істеуге мүмкіндік бере отыра, B-ISDN 
басқа желілер, соның ішінде, таржолақты N-ISDN, қамтамасыз етпейтін 
мүлдем жаңа электрбайланыс қызметтерін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. 
Осындай жаңа қызметтерге мәліметтердің жоғары жылдамдықты берілуі, 
мультимедиялық хабарламалар, жоғары сапалы телевизиялық бейнелер, 
сұрату бойынша видеосигналдарды қабылдау, интерактивті теледидар және 
т.б. жатады. I.211 ұсынысы B-ISDN қамтамасыз ететін қызметтерді 
сипаттайды (11.1 суретті қара). 
11.1 сурет – Қызмет түрлерінің классификациясы 
B-ISDN-нің барлық қызметтері интерактивті және дистрибутивті болып 
бөлінеді. Интерактивті қызметтер, атауына сәйкес, қызметтерді пайдаланушы 
мен қызметтерді қамсыздандырушы арасындағы кіруші диалогқа қатысады.
Дистрибутивті қызметтер дәл солай қолданушы мен қызметтерді 
қамсыздандырушы арасындағы диалогқа қатысады, бірақ бұл диалог пакетті 
немесе қашықтықта тапсырмаларды енгізу- RJE (remote job entry)-ге
бағытталған.
Диалогты қызметтер- бұл шынайы уақыт операцияларымен интерактивті 
диалог. Берілген мәнмәтінде “шынайы уақыт” пайдаланушы мен қызметтерді 
қамсыздандырушы арасында “кейінгі табыстаумен есте қалдыру” (store-and-
forward) операциясының жоқтығын білдіреді. Мысалы, интерактивті 


45 
қашықтықты сауда, екі тұлға арасындағы кіруші хабарламалармен айырбас, 
ТБЖ-ТБЖ өзара байланыстары осы санатқа жатқызылады. Хабарламаларды 
табыстау қызметтеріне диалогты негізде немесе талап бойынша орындалатын, 
бейне пошта қызметі немесе құжаттарды жіберу тектес “пайдаланушы-
пайдаланушы” өзара қатынастары жатады. Ақпараттарды алу қызметтері 
“кейінгі табыстаумен есте қалдыру” санатына жатады, мұнда пайдаланушы 
жалпы қолдануға арналған ақпаратты ала алады. Бұл ақпарат жекелей негізде 
қызметті қамсыздандырушыдан қызметті пайдаланушыға беріле алады. Осы 
қызметтердің жақсы мысалы архивті ақпарат бола алады. 
Дистрибутивті қызметтер пайдаланушының жекелей басқаруындағы 
қызметтер және пайдаланушының жекелей басқаруындағы емес қызметтер 
болып бөлінеді. Пайдаланушының жекелей басқаруындағы емес дистрибутивті 
қызметтер теледидар немесе радио тектес қарапайым кең хабар тарату 
қызметтерін қосады. Бұл қызметтер пайдаланушылар ақпаратқа шексіз рұқсат 
ала алатын ақпараттың үздіксіз ағынын қамтамасыз етеді. Оларға қарағанда 
пайдаланушының жекелей басқаруындағы дистрибутивті қызметтер орталық 
ақпарат көзіне циклды қайталанудың кейбір түрлеріне негізделе отыра, 
ақпаратты пайдаланушылардың кең немесе тар тобында тең бөліп беруге 
мүмкіндік береді. 
B-ISDN -ға өтуді үш кезеңге бөлу қарастырылған. 
Бірінші кезең- N-ISDN-да арналар коммутациясын (АК) қолданған
қызметтердің бөлігін пакеттер коммутациясы әдісіне өткізу. N-ISDN-ның 
транспорттық жүйесінің ерекшелігі боп АТ және сөйлеу ақпараттарын 
табыстау қызметтері жағынан ақиқаттылық пен кешігуге қоятын әртүрлі 
талаптары үшін АК және ПК қызметтерінің бөлек болуы табылады. B-ISDN -
да ПК тәсілін қолданатын қызметтердің санының ұлғаюы жоғары 
жылдамдықты ТҚ –нің қолдануының арқасында мүмкін. Табыстаудың жоғары 
жылдамдықтарын қолдану пакеттердің кешігуін азайта алады. 
B-ISDN-да сыртқы кедергі көздерінің әсерінен жоғары дәрежелі 
қорғаушылықпен ерекшеленетін ТОБЖ қолданылады, осының арқасында 
қателіктер коэффициенті азаяды. Бұл желілі және арналы деңгейлердегі 
хаттамаларды жеңілдетуге мүмкіндік береді. Желіде пакеттерді табыстау 
жылдамдығы ПК әдісін қолдану үшін жеткіліксіз болғандықтан, бұл кезеңде 
АК 
әдісін 
тек 
суреттерді 
табыстаудың 
кеңжолақты 
қызметтері 
(жылжымалысуреттер, бейнеконференциялар, түрлі-түсті телефакс) ғана 
қолданады. Кеңжолақты деп – жылдамдықтары 30В (1920 кбит/с) кем емес 
коммутация мен табыстау құралдарын қамтамасыз ету қажет қызметтер 
саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет