46
Үшінші кезең - АК-мен кеңжолақты желісі мен ПК-мен жоғары
жылдамдықты желінің біріктірілуі.Мұндай желі ТАӘ (табыстаудың
асинхронды әдісі) мен ТПК (тез пакеттер коммутациясы)
негізінде
құрастырылады. ТАӘ мен ТПК қолдану желілер бойынша әлдеқайда жоғары
жылдамдыққа жетуге және сандық коммутация жүйелерінің өнімділігін
арттыруға мүмкіндік береді.
ITU-T кеңжолақты интерфейстін екі (11.2 суретті қара) түрін ұсынады:
150 Мбит/с жылдамдықпен симметриялы интерфейс; - асимметриялы
интерфейс (“желі-пайдаланушы” бағытында жылдамдық 600 Мбит/с, кері
бағытта – 150 Мбит/с).
11.2 сурет - B-ISDN -ғы рұқсат етудің кескін үйлесімділігі
B-NT желілік жалғауы абоненттік құрылғылардың абоненттік желілерге
қосылуын және олардың ортақ ресурстарды бірге қолдануын жүзеге асырады.
G.703 ұсынысында ITU-T ТОС құрайтын арналардың түрлерін орнатты: В
(64 кбит/с), НО (384 кбит/с), Н11 (1536 кбит/с), Н12 (1920 кбит/с), Н21 (32,768
Мбит/с), Н22 (43-45 Мбит/с), Н4 (135 Мбит/с). Бұл арналар МТ, сөйлеу,
құжатты электрбайланыс, телевизиялық бағдарламалар,бейне конференциялар
және басқа қызметтер үшін қолданылады (11.3 суретті қара).
11.3 сурет - кеңжолақты интерфейсте арналардың үлестірілуі
Телекоммуникациялық технологиялардың даму кезеңдері. Желілер мен
байланыс қызметтерінің тарихи дамуында Бес кезеңді ерекшелеуге болады:
PSTN, IDN,ISDN,IN,NGN. Бірінші кезең – PSTN ортақ пайдаланымдағы
телефон желісін құру (бір қызмет көрсетіледі- сөйлеу хабарламаларын
47
табыстау). Кейінірек телефон желілері бойынша модемдердің көмегімен АТ
жүзеге аса бастады. Екінші кезең- телефон желісінің цифрдануы.
Телефон
байланысын коммутация мен табыстаудың сандық жүйелерінің негізінде
қамтамасыз ететін ИСЖ (IDN) пайда болды. Үшінші кезең- қызметтердің
интеграциясы. Байланыс желілерінің цифрдануы тек қана қызметтердің
сапасын арттырып қоймай, сондай-ақ интеграция
негізінде олардың санын
арттыруға мүмкіндік берді. Осылайша, қызметтердің интеграциясымен
сандық желінің тұжырымдамасы ISDN пайда болды (ISDN қондырғысының
қымбаттығынан әлемде кең таралымға ие болмады, пайдаланушы үш сандық
арна үшін төлейді және ISDN қызметтері бүхаралық пайдаланушының
қажеттілігінің шегінен шығады). Төртінші кезең-
ақпараттық қызметтерді
пайдаланушыға тез, нәтижелі, үнемді жеткізуге арналған IN зияткерлік
желісі. Қызмет пайдаланушыға қажет болған кездеғана көрсетіледі. Осында
ЗЖ-нің алдыңғы желілерден басты айырмашылығы- қызметтерді көрсетудегі
икемділік пен үнемділік. Заманауи қызметтерді көрсету кезінде талаптарды
өңдеу, мәліметтердің үлкен көлемдерін жоғары жылдамдықпен жіберу қажет.
Егер қызметтерді көрсетуде қолданылатын
ресурстар желінің көптеген
нысандарында бытырап орналасқан болса, онда бұл ақпаратты көп рет бір
станциядан екіншісіне жіберген кезде мүмкін емес кешігулер мен ақпараттың
бұрмалануына әкеледі. ITU-T мен ETSI аумағында ЗЖ тұжырымдамасын
стандарттау бойынша жұмыстар бірнеше бағытқа бөлінген болатын. Бұл
бағыттар (CS1) - CS1, CS2, CS3 тұжырымдамалары түрінде жүзеге
асырылды. CS әрбір тұжырымдамада бар,
қызметтерден тәуелсіз
конструктивті блоктарды қолдану арқылы құрала алады.
Негізгі қызметтер байланыстарды орнату (АК), тарификация, виртуалды
қосындыларды ұйымдастыру (ПК), желі элементтері арасындағы пакеттерді
табыстау үрдістерімен байланысты. Негізгі қызметтер әрбір шақыруды
қызмет еткен кезде сирек өзгереді және желімен жүзеге асады. Қосымша
қызметтер әртүрлі: рұқсаттың әмбебап номері (РӘН); жеке номер (ЖН);
«жасыл телефон» (ЖТ). РӘН қызметі фирмаға,
банкке бекітілген бірыңғай
номер бойынша қажет пайдаланушымен байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
ЖН қызметі - ЗЖ-де тіркелгеннен кейін абонент оны қайжерде болса да
тауып алуға мүмкіндік беретін логикалық номер алады. Әлемнің басқа мекен-
жайына көшкен кезде ол ЗЖ-ге бүкіл кіруші қоңырауларды бағыттау керек
номерді хабарлайды. ЖТ қызметі «800 қызметі»-не жатады, жергілікті және
қалааралық байланыстарды ақпаратты қамсыздандырушылармен және
ақпаратты табыстаумен қамтамасыз етеді. Қосымша қызмет түрлеріне
жататын қызметтер пайдаланушының арнайы талабы бойынша жүзеге асады.
NGN желісі- бұл қажет ауқымдылық пен
икемділікті қамтамасыз ете
отыра, функционалдылық пен өткізгіштік қабілеті бойынша жаңа талаптарға
әрекет ететін бүкіл жабдықтамалар мен қызметтерді нәтижелі қолдауға
мүмкіндік беретін ашық, стандартты пакетті инфрақұрылым.