Байланыс жүйелерінің негіздері



Pdf көрінісі
бет4/23
Дата17.05.2023
өлшемі1.3 Mb.
#473825
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
электрмен корек (1)

Хабарды тарату принципі 
Хабар көзі – бұл физикалық объект, жүйе немесе құбылыс, таратылатын 
хабарды қалыптастырушы (біріншілік хабар – сөз, әуен, бейне, текстілік 
файылдар, сандар массивтері, қоршаған орта параметрлерін өлшеу және т.б.).
Біріншілік хабарларды электрбайланыс жүйесі арқылы тиімді тарату 
үшін нашар бейімделген, сондықтан оған модуляция, кодалау, сығу, өңдеу 
және т.б. орындайды.
Электрбайланыс жүйесі – хабарды таратуды қамтамасыз ететін
техникалық құрылғылар мен тарату ортасының жиынтығы. Электрбайланыс 
жүйесінің кеңейтілген құрылымдық сұлбасы 2.2 суретте көрсетілген.
2.2 сурет – Хабарды тарату принципі 
Хабар көзі үздіксіз немесе дискретті хабарларды қалыптастырады. Осы 
хабарларды электрбайланыс құрылғылары арқылы тарату, біріншілік 
электрлік сигналға түрлендіру арнайы құрылғының көмегі қажет. Одан соң 
біріншілік сигналдар таратқыш көмегі арқылы екіншілік сигналға түрленеді, 
сипаттамалары 
байланыс 
линиясының 
сипаттамаларымен 
жақсы 
келістірілген. Сигналды кеңістік бойынша бір нүктеден басқаға тасымалдау 
электрбайланыс жүйесі арқылы жүзеге асады. 
Қабылдау пунктіне жеткізілген сигнал қайтадан хабарға түрленеді және 
одан кейін алушыға жіберіледі (2.3 суретті қара).


11 
2.3 сурет – Байланыс каналының кеңейтілген схемасы 
Байланыс каналы - сигналды қашықтыққа таратуды өамтамасыз ететін 
техникалық құрылғылар (түрлендіргіштер) мен тарату ортасының жиынтығы. 
Каналдар мен байланыс жүйесі, жасанды тарату ортасын қолданушылар 
(металл сымдар, оптикалық талшық), сымды деп аталады, ал каналдар мен 
байланыс жүйелерінде сигналдар ашық кеңістікпен таратылса - радиоканал 
және радиожүйе деп аталады.
Байланыс линияларына келесі негізгі талаптар қойылады: 
- байланысты талап етілген арақашықтыққа таратуды; 
- әр түрлі хабарларды тарату үшін кеңжолақты және жарамды болуы
- тізбектерді өзара әсер мен сыртқы бөгеуліктерден, сондай-ақ 
физикалық әсерлерден (атмосфералық құбылыстардан, тотығудан және т.б.); 
- линия параметрлерінің тұрақтылығы, беріктігі және байланыстың 
сенімділігі; 
- жалпы байланыс жүйесінің үнемділігі. 
Қарапйым жағдайда сымсыз байланыс линиясы - жұп метал сымнан 
құралған, физикалық тізбек. Кабельдік байланыс линиялары оқшауланған 
жабқышы бар, қорғағыш қабыршықта орналасқан, сымнан құралған. 
Конструкциясы 
және 
сымдардың 
өзара 
орналасуына 
байланысты 
симметриялық және коаксиальды байланыс кабельдері деп бөледі.
Симметриялық тізбек электрлік және конструктивті жағынан 
оқшауланған екі бірдей өткізгіштен тұрады.  
Коаксиалды тізбек осьтары біріккен екі цилиндрден тұрады, ондағы бір 
цилиндр - біртұтас ішкі өткізгіш, екінші жарты цилиндрдің (сыртқы өткізгіш) 
ішінде орналасқан. Өткізгіштер бір-бірімен диэлектрлік материал арқылы 
оқшауланған.
Талшықты-оптикалық байланыс линиясы (ТОБЛ) металды кабельдер 
негізіндегі 
байланыс 
линияларымен 
салыстырғанда 
бірқатар 
артықшылықтары бар. Оларға жататын: өткізу қабылетінің үлкендігі, 
өшуліктің аз болуы, массасы мен көлемі аз, бөгеуге тұрақтылығы жоғары, 
өзара әсер болмайды, конструкциясында түсті металдардың болмауынан 
бағасы төмен. ТОБК оптикалық диапозондағы электромагниттік толқындар 
қолданылады. 


12 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет