23
- аймақтық (немесе аумақтық) желілер (ҚР
бір немесе бірнеше
аумақтарында түзілетін байланыс желілері);
жергілікті желілер (әкімшіліктік шектегі немесе аумақтың басқа
принцибі бойынша анықталған және аумақтық байланыс желілеріне
жатпайтын байланыс желісі);
- халықаралық желі – шетелдік мемлекеттердің байланыс желілеріне
жалғанған жалпы қолданыстағы желі.
Нөмірлеу кодтары бойынша желілер екі класқа бөлінеді:
-АВС кодының желілері – бұл географиялық анықталған аумақтың АВС
нөмірлеуінің 8 миллионды аймағының ауданын қамтитын бекітілген байланыс
желілері;
-DEF кодының желілері – бұл DEF кодымен
біріктірілетін аумақтық
таратылған желілер, жылжымалы байланыс желілері.
Ұйымдастыру-техникалық тұрғызу бойынша ҚР БТЖ магистралды
желілер екі класқа бөлінеді:
- I кластың магистралды желілері – желінің төзімділігін және
өміршеңдігін, ақпараттық қауіптерден қорғалуын қамтамасыз ету жағынан ҚР
БТЖ барлық ұйымдастыру-техникалық талаптарын қанағаттандыратын
желілер;
- II кластың магистралды желілері –
осы талаптарды толығымен
қанағаттандырмайтын желілер.
Электр байланыс қызметтерінің саны бойынша желілер бөлінеді:
- моносервисті, электр байланыстың бір қызметін ұйымдастыруға
арналған (мысалы, радио тарату);
- электр
байланыстың екі немесе одан да көп қызметтерін
ұйымдастыруға арналған (мысалы, телефон, факс және мультимедиялық
қызметтер).
Коммутация түрлері бойынша екіншілік желілер бөлінеді:
- коммутацияланбайтын;
- коммутацияланатын желілер – арналар, хабарлар, дестелер.
Тарату ортасының сипаты бойынша желілер сымды, радио желілі және
аралас болып бөлінеді.
Радио желілер спутниктік және жер үстілік болып бөлінеді. ЖҚТЖ
белгілі аумақта абоненттерге қызмет көрсетуде оператордың қатысу үлесі
бойынша бөлінеді:
- біршама бедел алатын байланыс операторының желісі (25 %
астам
коммутацияның құрастырылған сыйымдылығына ие немесе 25 % артық
трафикті өткізеді);
- басқа операторлардың желілері.