Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет105/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   348
18.08.2023 dis

БЕЙНЕТКЕР сын. Өз нанын қара жұмыспен табатын адам; еңбеккер, 
еңбекшіл. Бар жағдай белгілі ғой тарихтағы, Еңбеккер, бейнеткердің арық шағы, Қазіргі 
Қазақстан өркені өсіп, Ер, әйел, ұл-қыздары шарықтады (К. Әзірбаев, Таңд. шығ.). 
121. 
БЕЙНЕТҚОР сын. Еңбек сүйгіш, еңбекшіл. Бейнетқорлардың мойны босайтын 
күн туды (С. Сейфуллин, Тар жол.). Бейнетқордың бәрі өтетін ащы тәжірибе, өмір 
сабағы болып, өміріне жол азық болды (М. Әуезов, Шығ.). Клуб та керек ауылға
Жарық та керек әр үйге. Бейнетқор мына қауымға, Сауық та керек, әрине (М. Мақатаев, 
Шығ.).  
122. 
БЕЙНЕТШІЛ сын. Мехнатшыл, бейнеткер. Мұның бәрін еңбекшіл жан
бейнетшіл жан жақсы біледі (Ә.Жәмішев, Армысың.). Қайта, қайтадан үйірін тауып, 
бейнетшіл қауымына қосылғалы бері кәдімгі орнықты адам санатына кіретіндей үмітте 
еді (О.Сәрсенбаев, Бақыт.). 
123. 
БЕЙІЛІ КЕҢ сөйл. Пейілі кең, жомарт, мырза. Жүрісі тыныш жорғадай, 
Алдына келсең кең болар, Олар неге тарылсын, Бейілі кең болған соң (Д. Бабатайұлы.). 
124. 
БЕРЕГЕН сын. Қолы ашық, жомарт мырза. Оның үстіне асы дәмді, қолы әрі 
береке, әрі береген қасиеті тағы бар (М.Иманжанов, Менің махабб.). Өрік өсекші 
қатындарды бауырына тартып, береген кісі болды (Ж.Аймауытов, Шығ. жин.).  
125. 
БЕРІК сын. ауыс. 1. Шыдамды, ұстамды, сабырлы. Қанды жас ағып түспей 
дөңгеленіп, Кекті-ыза от боп жанған көзге келіп. Тапжылмай тас мүсіндей қатып қалды, 
Шіркін-ай, ана жаны неткен берік (А.Тоқмағамбетов, Өмір.). Сұлтанмахмұт берік отыр, 
Жалпылдап иілуді білер емес. Жақыпбектің алғашқы сөз саптауынан көңліне ренішті 
сырлар түйген іш әлемі әлі қатыгез еді (Д.Әбілев, Ақын.). Қандай берік жан! Адам 
болсаң осындай бол, ең болмаса қабақ шытып ренжігенін байқатпайды ғой 
(І.Есенберлин, Ғашықтар.). 2. Тұрақты, сенімді, табанды. Сұлуға берген екен күйеуі 
ерік, Жомарттық ерлігіне болып серік: «Сертіңді бар да орында» депті жары, Адамдық: 
қылған сертке болмақ берік (С.Сейфуллин, Өлеңд.). Бименді уәдесіне берік кісі ғой. 
Інісін бұл жайында сендірді (Ж.Молдағалиев, Сарарқа.). Осы сәтте Абай ойында 
қайтпас берік байлау туды (М.Әуезов, Абай.).  
126. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет