Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет108/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   348
18.08.2023 dis

БІЛЕРМЕН сын. сөйл. Білгіш, білгір, көп білетін. Отауы осы қыста түскен. 
Әубәкірлердің айтуынша тартымды, білермен жігіт болатын (І.Жансүгіров, Шығ.). 
141. 
БІЛМІР сын. Білмейтіні жоқ, бәрінен хабардар болып жүретін. Білмір күйеуі 
Төлеуді ұрып өлтіріпті дейтін еді. Адамға мейірімі келе ме ондай иттің. Баланы 
бақпаған ғой (З.Шүкіров, Сарша тамыз). 
142. 
БІЛІКТІ сын. 1. Әр нәрседен жан-жақты түсінігі бар, білімді. Сырт 
естуімшесәтімбай осы колхозды өз қолымен құрысқан, ағайын арасында абыройлы
шаруа жайына майталман білікті адам (С.Шаймерденов, Мезгіл). Жауғашар мұны 
айтқанда өзін көпті көрген қария, білікті данышпан қылып көрсеткісі келіп айтады 
(Б.Майлин, Шығ.). Білімді, жан-жақты түсінігі бар адам. Біліктіден сөз алған, Ақыл 
сұрап жол алған, Шешен де келді ол тойға (Батырлар жыры). 2. Кәсібі білімі бар
Әсіресе, мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартып, онда білікті 
мұғалімдердің баруына, білім сапасын жақсартуына күш салу қажет («Егемен 
Қазақстан»). 3. Ақылды, тәрбиелі, өнегелі, парасатты. Енді балалық өмір қалып
білікті адам болатын кез жетті (Б.Қыдырбекұлы, Шайтан.). Байыр осылардың бәріне 
бүгін назар сала қарап, ақылға ақыл қосар білікті, әрі сенімді адам іздеп отыр 
(М.Дүзенов, Ант). Болғалы тұрған білікті сөз бен салиқалы бәтуаны тыңдасын деген 
(Д.Досжанов, Жібек жолы). Тіпті бала тапқан әйелдің бәрін ана деп аспандатпай
шешесі деп қана атайтын болған. “Ана” деген қасиетті атауды ауылдың, елдің анасы 
болған білікті әйелдерге ғана лайықтаған (Қ.Жұмаділов, Атамекен). 
143. 
БІЛІМДАР сын. Ой-өрісі кең, көп білетін, білгір. Рецензияға қол қойылмапты, 
бірақ кім де болса білімдар кісінің жазғаны – сайрап тұр (Т.Әлімқұлов, Ақбоз ат). 
Отызға жетпеген жас жігіт қарапайым халық арасында қаншама білімдар көрінгенмен, 
бұны баласынып, сөзін жүре тыңдаушылар да аз болмас (А.Байтанаев, Қайнар.). 
Жаугершілігі мол, мық-тысы мытып, әлсізі күштіге кебіс қойған зар-заманда бұл 
білімдар баланың өзіне керек болатынын анық сезген (Д.Досжанов, Тұлпар.). 
144. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет