Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет113/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   348
18.08.2023 dis

ДҮНИЕГЕ КЕҢ Жомарт, пейілі кең. Отыз жасқа келгенде, Дүниеге кең едің, 
Отыз беске келгенде, Қара судың бетінде шайқалып аққан сен едің (Б. Қалқаманұлы.). 
165. 
ДІЛМАР сын. 1. жағымды. Тілге шешен, сөзге бай, тілмар. Назым Хикметтің 
шығармасындағы ерекшеліктерін талдағанда Мұхаң ойының тереңдігіне, тілінің 
ділмар шешендігіне таң-тамаша қалдық (Қ.Бадыров, Өткендер). Ақметжан Нұртазин – 
Солтүстік Қазақстан облысында туылып өскен, жасынан өлең шығарған, жиын-
тойларда айтысқа түскен ділмар ақын («Қаз. әдеб.»). Ноғайбай орта бойлы, өткір көзді, 
алғыр сөзді, сауатсыз болса да өте ділмар, шешен кісі бопты (К.Әзірбаев, Аңыз.). 
Жолдастар, ол сөзге ағып тұрған шебер, ділмар, топты бастар көсем, дау шешкен 
шешен болатын (Ә.Әбішев, Замана.). 2. жағымсыз. Сөзуар, мылжың, керауыз. Ділмар 
Ырысбек енді бір желпініп, үшкір тілін әзіл жаққа жүгіртіп тағы бір көтерді 
(Ғ.Сыланов, Жанартау).  
166. 
ДІТІНЕ БЕРІК Діттеген бағытынан айнымады. Ол жұрттың көбі сабылып 
сарсаңға түсіп ой іздеп кеткенде де өзінің талант табиғатына зорлық жасамады, дітіне 
берік боп қалды («Қаз. әдеб.»).  
167. 
ЕБДЕЙСЕК сын. Ебдейлі. Махаң етікші өзі ауыс-түйіс күнкөріске ебдейсек кісі. 
Аз жылда-ақ орташарқы шаруа жинап алады (Б.Аманшин, Көкжар). Ебдейсек 
ересектер, тасығалы, шараны шайқап ұстап асығады (Х.Ерғалиев, Құрманғазы). 
168. 
ЕБЕДЕЙЛІ сын. 1. Пысық, ширақ. – Атан-шаның баласы, сен жасың кіші және 
ебедейлі жігіт көрінесің, маған сыртқа шығып жәрдемдесіп жіберші (X.Есенжанов, Көп 
жыл.). 2. Ыңғайлы, оңтайлы, икемді. Ебедейлі қолдағы шанышқы етікшінің бізіндей 
жылпылдайды (С.Омаров, Өмір.). 
169. 
ЕБСЕКТІ сын. Қолынан әрқилы нәрсе келетін, епті, іскер. Ебсекті ана 
қыздарын да үй шаруашылығын тындырып істеуге баулыған екен («Қазақст. 
әйелдері»).  
170. 
ЕЖЕКТІ сын. Қайырымды, мейірімді, рақымды; бауырмал. Нағашым бір он 
шақты үй, кедей ауыл, Әйтсе де бізді өмірде етпейді ауыр. Ежекті, ер жүректі жігіттері 
Мен түгіл бөтенді де етер бауыр (Ж.Саин, Таңд. шығ.). 
171. 
ЕЛГЕЗЕК сын. 1. Тілалғыш, екі айтқызбайтын, жұмыс десе жанып тұрған. 
Жалпы, дала перзенті, ауыл баласы елгезек, аңғарымпаз, бауырмал болып өсетіні 
белгілі («Ана тілі»). Ол тіл алғыш, елгезек, жұмсағаныңа шауып тұратын еді 
(Р.Тоқтаров, Ертіс.). – Жарайды, тәте, – деп, елгезек бала ізінше жүгіріп кетті 
(Қ.Сатыбалдин, Қараторғай). Қандай елгезек, таң сәріден жетіп келгенін қарашы 
(Ж.Орманбаев, Тұзақтал.). 2. Пысық, ширақ, тындырымды. Ол атасы сияқты құнтың 
қаққан, пысық, елгезек, ширақ (М.Қаратаев, Далада.). Елгезек жас жігіттің даусында 
толқу, тіксіну жоқ, үні сондай анық (Т.Ахтанов, Қаһарлы күн.). Ел болуға не керек, 
Ойлы, ақылды ер керек. Халық қамын ойлаған Жігіт керек елгезек (М.Әшірбесов, 
Белестер). 3. Шапшаң қимылдайтын, ылдым-жылдым, лыпып тұрған; жүрдек. 
Сәнмен ерттелген елгезек аттарды таңдап мінгендей екі жас қойшы қай отарда қанша 
саулық барын есепке алып жүр (Ғ.Мүсірепов, Кездесп. кет.). Малтабардың тарантасқа 
жеккен қара бурыл аты мейлінше денелі де, елгезек те, жүрдек те жылқы екен 
(С.Мұқанов, Аққан жұлдыз). Мәртебелі меймандар кішкентай қолбаланың елгезек 
қимылына, ойнақы қылығына, шалдыр-бұлдыр орысша сөйлегеніне мәз 
(К.Сейдеханов, Түркістан.). 4. ауыс. Жеңіл, жеңілтек. Жас кезінде кербездеу еді. Енді 


166
елгезек боп барады (Т.Ахтанов, Боран). Өз жайын ақылдың елегінен өткізген сайын 
елгезек бойы ауырлап, секемшіл көңлі жабырқау тартып барады (Т.Әлімқұлов, 
Сейтек.). Сергіді кәрі дене бүгін қалай, Елгезек болып кетті бозбаладай (И.Байзақов, 
Құралай.). 5. ауыс. Сергек, сезімтал. – Бұл не пәле, әй? – деді ауылға келген жаңалық 
біткенді жұрттан бұрынырақ сезетін елгезек Сартай (М.Дүзенов, Әке.). Өзін елгезек 
сезінетін ол ұйықтап қалғанына ұялғандай орнынан қипақтай тұра келді 
(Т.Дәуренбеков, Біз. кездес.). Командир қиын-қыстау сәттерде шешім тапқыш, әрі 
алды-артын дұрыс барлап, қапысыз болжай білетін, сергек те, елгезек адам болуы керек 
(Р. Хайруллин, Офицер.). 
172. 
ЕЛЖАНДЫ сын. Елін, жерін сүйетін адам. Биылдан бастап бұл іс-шара 
жалғасын тауып, дәстүрге айналады, оны өткізуге түрлі деңгейдегі әкімдер, елжанды 
азаматтар, барша мұсылмандар қатысады (Түркістан). 
173. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет