18
баратынбыз. Кейде Сұлтанмахмұт бір жерлері ауырып та қалатын. Біздің
бетімізді қайтармақшы болған Сұлтанмахмұт бір күні әкесіне ақ шоқпар
істетіп алады да, сабаққа келгенде бізге көрсетпей ала келіп қардын астына
тығып қояды”.
Холерик темпераменті: ұшып-қонған, күйгелек, тынымсыз, шамданғыш,
тұрақсыз, соқпа мінезді, белсенді, пысық, ашуланшақ, сотқар, шалдуар, ашуы
шапшаң, қатты, қияңқы, ұнамсыз істерге әуес, жылдам, өте сезімтал, ызақор,
ашуланшақ келеді. Ә.Толысбаеваның
айтуы бойынша, әр жеке адамның өн
бойында 80-100 триллионның үстінде қасиет болатын болса, соның тек қана 15-
20% ғана қызмет жасайды екен. Қалғандары ашылмауымен жабық күйінде қала
береді және адам ғұмыры біткенде өзімен бірге қайтып кетіп жатады екен [14, б.
108-112]. Холериктік тип – бұл өтпелі топтағылар қай-қай жағынан да өте
шапшаң (резкие), тік мінезді, өткір тілді, өткір сөзді,
қызу қанды, қиып түспе,
бұзда-жар, өте сыншыл – шоқ мінезділер. Мысалы, Шоқанның мінезі осы топқа
келеді.
“Шоқан үйіне келген адамдардың (ол үйге, әрине, сұлтандар, билер
сияқты “ірі” адамдар ғана келеді ғой) байлаулы аттарын шешіп жіберіп,
тұсаулы аттарын ағытып жіберіп, ерттеулі аттардың айыл-тартпасын,
үзеңгісін босатып қойып, өздерін мазақтап... дегендей, дамыл-тыныштық
бермеген. Онымен де қоймай, бірге ойнайтын балаларды ұйымдастыру
арқылы... бірнеше қозының тірідей асықтарын алған... әкесінің “оқуға
апарамын” дегенін естіген соң, Шоқан қашып, құсмұрын дөңiнiң үшбұлақ
аталатын сайларында қалың боп өсетін қайыңдар мен талдардың арасына
тығылып... бірер күнде әрең табылған...” [15, б. 37]
Меланхолик темпераменті: өкпелегіш, пессимист, тұйық, сөзге сараң, жай
басар, ұялшақ, тартыншақ, “қорқақ”, “сылбыр”, “үндемес”, “маубас”,
жасқаншақ, сіркесі су көтермейтін, бірбет, қыңыр, қисық. Олар өмір шырмауына
жиі түсіп, үнемі оратылыста, лабиринт пен шиеленістердің ортасында
шырматылып жүретіндер. Бұлар күйкі тіршіліктің матауымен өмірге көңілдері
толмай түңілген, айналаға шағымданып, үнемі жылаумен жүретіндер.
Оларға
таңның атысы мен күннің батысы арасында уақыт та жетпейді, ұйқылары да
қанбайды, тамаққа да тойымсыз.
Негізінде адамды сыртына қарап ішкі мінез-құлқын оңай айыра салу, типке
бөлу мүмкін емес. Бұл типтердің кез келгенінің де ұнамды, ұнамсыз жақтары бар.
Мұны төмендегі кестеден байқауға болады.
Кесте 2 – Темпераменттердің жақсы, жаман жақтары
Достарыңызбен бөлісу: