Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет12/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   348
18.08.2023 dis

ширақ типтер деп аталынады. Мұнда қозу мен тежелу процестері бір-біріне тең 
келіп, тез алмасып отырады. Күшті типтің үшіншісі – қозу мен тежелу бір-біріне 
тең, бірақ алмасуы сараң, баяу көрініп отырады. Күшті тітіргендіргіштердің 
әсерінен туатын шектен тыс тежелулер де әлсіз типте жиі болып отырады. 
Мұндайда кейде күшті типтер сыртқы дүниеден келетін түрлі әсерлерге төзімді 
келсе, әлсіз тип “морт сынып” кететін болады. Павлов сангвиниктерді – ширақ, 
жүйке жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі тең, қозғалғыш адам; холериктерді – 
ұстамсыз, жүйке жүйесі күшті, қозуы тежелуінен басым; флегматиктерді жүйке 
жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі бір-біріне тең болғанмен, қозғалысы баяу 
адамдар десе; меланхоликтерді – жүйке жүйесі әлсіз типті адамдар деп 
сипаттады. 
Сонда темперамент – организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен
әсіресе, жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық 
құбылыс болды. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да (мәселен, 
біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, 
асықпай істейді), психиканың күші мен тереңдігінен де (мәселен, біреу өжет, 
алғыр болса, екінші біреу керісінше, сылбыр, жігерсіз болады), адамның көңіл 
күйінің ерекшеліктерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз т.б.) эмоция 
сезімдерінен де (біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек т.б.) жақсы байқалатын 
болмыс. Бір адамның эмоциялық сезімі тез немесе күшті болуы, ал екінші бір 
адамдікі баяу немесе әлсіз болуы мүмкін. Осыдан келіп адамдардың мінезінде 
түрліше көріністер пайда болады. Мысалы – эмоциялық сезімі тез пайда 
болатындарды – холерик, әлсіздеу болса – сангвиник, ал баяу сезімділерді – 
меланхолик, тым әлсіздерін – флегматик деп атайды. 
И.П.Павлов бұл айтылған негізгі типтерден басқа да аралас, көшпелі 
типтердің кездесетіндігін айтты. Мәселен, ұстамсыз типтің өзінен қозуы ерекше 
күшті, тежелуі әлсіз және қозуы мен тежелуі бірдей күшті (бірақ аз да болса 
қозуы басымдау тұратын), сонымен қатар, қозу мен тежелудің күші тепе-тең 
келетін варианттары байқалған. Соңында ғалым мынадай анықтама береді: 
“Темперамент жануарлар мен жеке адамның жалпы сипаттамасы, әрбір 
индивидиуумның барлық әрекетіне белгілі өң беретін жүйке жүйесінің жалпы 
сипаттамасы” [13, б. 103]. Гиппократ іліміндегі темпераменттердің 
физиологиялық негіздерін көрсеткен И.П.Павловтың анықтауы төмендегі 
кестеде тұр. 


16
Кесте 1 – Темпераменттердің физиологиялық негіздері 
Темпераменттердің 
түрлері (Гиппократ 
терминологиясы 
бойынша) 
Жүйке жүйесінің 
типтері (Павлов 
терминологиясы 
бойынша) 
Жүйке процестерінің
(қозу, тежелу) қасиеттері 
күші 
тепе-теңдігі 
қозғалғыш- 
тығы 
Холерик 
Ұстамсыз тип 
Күшті 
Тең емес 
(қозуы 
тежелуінен 
басым) 
Ерекше 
қозғалғыш 
Сангвиник 
Ширақ тип 
Күшті 
Тепе-тең 
Қозғалғыш 
Флегматик 
Баяу тип 
Күшті 
Тепе-тең 
Баяу қозғалады 
Меланхолик 
Әлсіз тип 
Әлсіз 


 
Профессор Қ.Б.Жарықбаевтың айтуы бойынша, соңғы жылдары көрнекті 
орыс психологы Б.М.Тепловтың (1896-1965) лабораториясында жүйке жүйесінің 
типтері одан ары зерттеле түсті. Егер И.П.Павлов өзінің тәжірибесін 
жануарларға жасаған болса, Б.М.Теплов пен оның шәкірттері осындай 
тәжірибені адамдарға жасады. Бұл зерттеулерде И.П.Павловтың нерв жүйесінің 
төрт түрлі типі туралы ілімі адамдардың жеке өзгешеліктерін, әсіресе, оның 
темпераменттерін анықтауда ерекше маңыз алатын бірден-бір ғылыми теория 
екені тағы да дәлелдене түсті. Б.М.Тепловтың шәкірттерінің бірі В.Д.Небылицин 
(1930-1972) осындай зерттеулердің бірінде жүйке жүйесінің әлсіз типінің өзі 
бірнеше варианттарға бөлінетінін анықтап берді. Бұрын өмір сүруге икемсіздеу 
деп саналатын осы әлсіз типтің өзі енді қозғалғыш, баяу, қозу мен тежелуі 
теңгерілмеген типтер деп бөлінетін болды. Әлсіз типтің де сезімталдығы күшті 
екендігі, осыған орай оның сыртқы ортаға бейімделе алу қабілеті мол екендігі 
анықталады [5, б. 347]. 
И.П.Павловтың жүйке жүйесінің типтері туралы ілімі бойынша әртүрлі 
темперамент өкілдері былайша сипатталады. Мәселен, жүйке процестері күшті, 
бірі екіншісіне тең келмейтін адамдар, көбінесе, ұйытқымалы, қимыл-
қозғалысқа шапшаң келеді. Олар – ұстамсыз, күйіп-пісуге ылғи да дайын 
тұратын күйгелек адамдар. Істі бұрқыратып істегенмен, олардың кейде қолын бір 
сілтеп сылқ түсетін кездері де болады. Бұлар – холерик темпераментінің 
өкілдері. И.П.Павлов холериктерді жылдам, тез әсерленгіш, жалындап атып 
тұратын жауынгер тип деп айтады. “Күнделікті және әлеуметтік өмірде орта 
мінезділер, сірә, жақсы нәтижелерге жеткенімен, әлем тарихының прогресі мен 
дамуы едәуір әділ және рефлексивті, сонымен қатар құмартушы және белсенді 
темпераменттердің біріккен күшінің негізінде жүзеге асатынын” тарихи 
оқиғалар көрсетіп отыр. Осындай холерик болмысты тынымсыз, мазасыз, 
әрекетшіл және шапшаң, әртіс, өзіне назар аудартуға бейім, көңіл-күйі мен 
әдеттері тұрақсыз тұлғалар өмірді өзгертетін қабілетке ие болады.
Сангвиник темпераментінің өкілі, Павловтың айтуынша, қуатты, 
тұрлаулы, ширақ тип, ойнақы, еті тірі бірақ кез-келген істі бастап кейін тастап 
жүре береді. Ол жұмысқа қабілетті, беріліп істейді, басқа адамдармен тез тіл таба 


17
біледі, ұжым арасында өзін көңілді ұстайды, былайша айтқанда, ақкөңіл, қызу 
істің адамы. Оның осал жері – іс жоқ кезде сылбыр күйге түсіп кетеді, енді бірде 
жеңіл мінезділікке салынады. Бұл оның эмоцияларының тұрақсыздығынан және 
жалпы қозғалғыштығынан туатын жайлар. 
Флегматик темпераментіндегі адам, көбінесе, салмақты, сабырлы келеді. 
Олар кез-келген нәрсеге сезім білдіре бермейді, асықпай, баппен жүріп-тұрады, 
сезімдері сыртқа шықпайды десе де болады. Осы темпераменттің бір осал жері – 
қимыл-қоғалыстың баяулығы, өмірде болып жатқан жағдайларға селсоқ 
қарайтындығы, оңтайлылықтың жоқтығы. Бірақ мұның ұстамдылығы, 
салқындылығы, адамның мінез бітістері үшін таптырмайтын қасиет болып 
табылады. 
Меланхолик темпераментіндегі адамға әсер етпейтін нәрсе жоқ, бірақ әсер 
еткен нәрсесінің бәріне өз сезімін білдіре бермейді, не де болса ішінде жүреді. 
Мұндай темпераменттегі адам өзге адамдармен онша көп жұғыспайды, бірақ 
тиісті жерінде айтайын дегенін айта алады. Тұйықтық, өз ойына шомуға бейім 
тұрушылық, орынсыз ибалылық – осы темпераменттің ең бір нашар жағы. 
Табиғи жағдайда темпераменттердің “таза” түрін ажырата алу, көбінесе 
қиынға соғады. Өйткені, олар адамның өмір барысында қалыптасатын әр түрлі 
ерекшеліктерінің көлеңкесінен жөнді көрінбей қалуы да мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет