Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


МЕЙІРБАНШЫЛ сын. Рақымшыл, қайырымшыл, қамқоршыл. Үлкен  кісілердің бәрі мейірбаншыл-ау (Т.Тобағабылов, Жазира)



Pdf көрінісі
бет157/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   348
18.08.2023 dis

МЕЙІРБАНШЫЛ сын. Рақымшыл, қайырымшыл, қамқоршыл. Үлкен 
кісілердің бәрі мейірбаншыл-ау (Т.Тобағабылов, Жазира). 
424. 
МЕЙІРҚАНДЫ сын. сөйл. Мейірімді. Таубасар мейірқанды адам көрінеді (Қаз. 
тілі. диалек. сөздігі). 
425. 
МЕЙІРЛІ сын. Қайырымды, рақымды, шапағатты, мейірімді. Мектеп-
интернат тәрбиеші, ең алдымен, мейірлі ана да ата, өтезор үлгілі ұстаз (М.Әуезов, Таңд. 
шығ.). Күзгі түн. Тұман сейілді. Өлген жоқ Арман, қан ақты. Осы бір жандай мейірлі 
Арайлап жаңа таң атты (М.Мақатаев, Шығ.). Шіркін дала, мейірлі ана, Ақ сүті мен 
нанын беріп. Асырайды бар халықты Төсін толқын сағым керіп (С.Мәуленов, Алыс 
кет.). 
426. 
МЕЙІРІМДІ сын. Рақымы, қайырымды, мейірлі, мейірбан. Үлгілі мейірімді 
жұрт мұны істейді ме? Енді бұл айтылған адам саудасын тоқтатуға не қам қылу керек? 
(М.Дулатов, Шығ.). Көк ала пішен жиғаны, Шыбынсыз заңғар тауында. Мейірімді 
қыздай ибалы Мен туған құйттай ауыл бар (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә). Саттар қайда, 
шынымен-ақ, қыз көңілін ұқпай ма? Қайда сол бір мейірімді жан, күліп алдан шықпай 
ма? (М.Шаханов, Ғасырлар.). Қартайғанда асырасын десең, о да бір бос сөз. Әуелі өзің 
қарауың қайтарлық қартаюуға жетемісің, жоқ па? Екінші – балаң мейірімді болып
асырарлық болып туа ма, жоқ па? Үшінші – малың болса, кім асырамайды? (Абай, Тол. 
жин.). 
427. 
МЕЙІРІМШІЛ сын. Мейірбан, қайырымшыл, шапағатты, рақымды. Ендігі 
жерде мейірімшіл болғайсың. Саған да Сағадат деп ат қоялық (Т.Тобағабылов, 
Жазира). Ұйымшыл, ұраншыл, мейірімшіл, қоғамшыл. Кіршіксіз, ақ жүрек. Біздер шын 
тазасы (І.Жансүгіров, Шығ.).  


193
428. 
МЕРЕЙЛІ сын. Мәртебелі, абыройлы. Ендігі бір айтарым, қайда жүрсеңдер де 
қайырымды, әрдайым мерейлі, бақытты болыңдар (К.Асанов, Сағыныш). Бұрын да 
мерейлі еңбегімен көпті қуантып жүрген озат тракторшы бұл тұста жол тартып еді 
(Т.Қаупынбаев, Жазира). Осыдан ширек ғасыр бұрын іргесі қалана бастаған осындай 
игі құрылыстарға өзінің де үлес қосқанын Хакім қазір де мерейлі сезіммен еске түсірді 
(М.Хасенов, Тың тарландары). 
429. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет