Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет165/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   348
18.08.2023 dis

ӨЗІНЕ-ӨЗІ СЕНІМДІ Өз күшінесенді. Айдасаң алыс жерімді, Алсаң ащы 
терімді, Өзіне-өзі сенімді. Тоят төс салпы ерінді Топтан торай бермейтін, Тұлпар аттай 
қунақпын (Д.Бабатайұлы). Өзіңе-өзің сенімді бол. Диқанның сенімінен айырылғаны – 
өнімнен айырылғаны (Ы.Жақаев). 
489. 
ӨКТЕМ МІНЕЗДІ Тегеурінді, өр мінезді (адам). Бірақ басшылықты өктем 
мінезді Мәмбет өз қолына алғаннан кейін Батырбек бұл қайратты ерге ден қоюмен 
келді (Х.Есенжанов, Тар кезең).  
490. 
ӨЛЕҢШІЛ сын. Өлеңді сүйетін, өлеңқұмар, өлең айтқыш. Жырыммен сәлем 
берем достарымның – Өлеңшіл ұлдары мен көп жерлесіне (Қ.Бекхожин, Қайран жас.). 
Өлеңшіл қазақ жараны Жаңа бір жырды күт менен (С.Мәуленов, Найзағай.). 
Оралмасам, өлеңшіл ел алдында, Күннен күнге борышқа барам батып (Қ.Мырзалиев, 
Ақ отау).
491. 
ӨНЕРШІЛ сын. 1. Қолынан әртүрлі іс келетін, шебер (кісі). Комсомол 
қызметкері жастар ортасында болатын сергек, жігерлі, өнершіл, іс көзін табатын 
абыройлы азамат болуға тиіс («Лен. жас»). Өнершіл халық өзінің барлық шеберлігін 
сәулетті сарайлар, көркем ескерткіштер салуға, оны тамаша өрнекті оюлар, жазулар, 
түрлі суреттермен безендіруге арнаған (С.Бақбергенов, Өз. жігіт.). 2. Ән айтқыш, күй 
тартқыш, өнерпаз. Балалардың өнершіл болуы көзделіп, оларға гармон, гитара, 
скрипка, домбыра, патефон, биллиард, т.б. әперілген («Халық мұғ.»). Өнершіл жігіт 
Тасболат Бәйімбетов өзі шығарған «Қаратау вальсі», «Жұлдызым» деген екі әнін айтты 
(Е.Әлімқұлов, Даңқ.). Әкемнің өзі өнершіл, саятшыл адам болса керек («Қаз. әдеб.»). 
492. 
ӨҢІ ЖЫЛЫ Жылы шырайлы. Ішінде бір ІІІал адам өңі жылы: – Қой, – деді өліп 
қалса болар құны. Байлаулы қолым шешіп жөн сұрады, Баланың енді шығар барлық 
шыны (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).
493. 
ӨР КЕУДЕ Батыл, өжет. Батырлар жолды тосуда, Арада өтті бір жеті. Ақтар 
жөңкіп қашуда, Бұлардан өтіп көп кетті. Көрінгенін жібермей, Көкқұтандай көлбетті. 
Өшпендігі өршіген Өр кеуде өңшең батырлар, Арыстандай келбетті (К.Әзірбаев, Таңд. 
шығ.). Құрыштай денесіне қол батпады, Ойынсыз отырмады үйде жөнді. Өр кеуде 
арыстандай арпалысып, Жас батыр лезде екі жасқа келді (О.Шипин, Дастан.). 
494. 
ӨР МІНЕЗ Қайсар, өжет, батыл. Салса да ақындық ой, Сезім күшін, Жүрсе де 
кереметтің кезіп ішін. Табиғат бұлтыменен, жаңбырымен Өр мінез қайталайды өз 
үлгісін (С.Мәуленов, Алыс кет.).  
495. 
ӨРЖҮРЕК сын. Батыл, өжет. Көз айырмай тұрыпты көпке шейін, Біраздан 
соң дене үйір болды бейім. Ержүрекке өржүрек тура келді Шегінбейді екеуінің бірі 
кейін (И.Байзақов, Құралай сұлу). 
496. 
ӨРМІНЕЗ сын. Өжет, өткір, қайсар. Басынан әр жүректі күш-жігерге 
билеткен, Қыран бол деп түлекті өрмінезге үйреткен (А.Бақтыгереева, Өрімтал). 
Жүрегі толы ыстық қан қайғысы да өрмінезін жеңбеген (Ә.Тәжібаев, Жартас). Бәкпен 
табиғатында өрмінез, қайсар жігіт (С.Байжанов, Замандас туралы толғау). Сабаздың 
кең кеудесін көрдім өзім, Сүйемін серілігін, өрмінезін. Күшімді таудай менің әні 
тербеп, Қасына жас күнімнен ердім өзім (Қ.Бекхожин). 
497. 
ӨРМІНЕЗДІ сын. сөйл. Өрмінез. Шешенсіп сөйлеу әдетінде жоқ, шындықты 
төтесінен тура айтып салатын өрмінезді бала (С.Талжанов). 
498. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет