Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет155/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   348
18.08.2023 dis

МӘДЕНИЕТТІ сын. Мәдени дәрежесі дамыған, жоғары, озық. Әңгіме үстінде 
Сұлтанмахмұт Мәликені кең зерделі, өмірге талғамы бар, мәдениетті қыз екеніне әбден 
көзі жеткендей сүйсінді (Д.Әбілев, Арман.). Астахов: «Алдақашан марқұм болған 
Абайдай адамның өз халқы арасында тірі жандай әр өсиетінің өмір сүріп 
отырғандығын, оның кейінгі іні-балалары мен жақын-туыстарының да сахара 
қазақтарының ішінде ең мәдениетті жандар екендігін, – айтты (К.Оразалин, Абай.). 
413. 
МӘЙІМ сын. жерг. Әдепті, сыпайы, жағымды. Біраз кідіріп үлкен кісі даусын 
кенеп алды да, құс мамықтың үстіне жапқан үлбіреген шәйідей мәйім үнмен бастап 
кетті (Қ.Найманбаев, Үміт.). Біздің байқағанымыз Краковтың өн-бойынан сыпайы 
мінез лебі еседі. Мәйім мінез («Білім және еңбек»). 
414. 
МӘМІЛЕШІЛ сын. Бітімшіл, келісімпаз. – Сіз үлкендік дегенмен, Басқаша 
ұқтық мұны біз. Мәмілешіл бар елмен, Кішілік қой мұныңыз? (Ә.Ахметов, Тырау-
тырау.). 
415. 
МӘРТ [ир.] сын. Дүниенің бетіне қарамайтын қолы ашық, жомарт, мырза. 
Жігіт те тым мәрт екен, сөзге келместен тағы бір сом бересалады (О.Дастанов, 
Мұрагер.). Арада жүрген жеңгемін, киемін қымбат тоныңды. Мәрт кісінің белгісі
Бітірсің тездеп сонымды (Батырлар жыры). Жасадым жиырма үш, жиырма төрт, Болса 
да тілім ұзын, көңілім мәрт. Уағдадан бөтен жолға тайғаным жоқ, Ойласып адамдармен 
байласам серт (Кердері Әбубәкір, Қазағым). 
416. 
МЕЙМАНДОС сын. Қонақты жылы жүзбен, кең пейілмен қарсы алатын, 
қонақжай. Ондай үйдің іші үлкенін сыйлағыш, кішілерін балаша мәпелегіш, мейірімді, 
меймандос келеді (А.Байтұрсынов, Шығ.). Тәкежан түнде өзінің меймандос сабырлы 


192
мінезімен Бүркітке бірден ұнаған болатын (І.Есенберлин, Қатерлі). Пейілі кең, 
меймандос, Қазақстан елім бар. Айтып болмас ауызбен, Әр алуан кенім бар, 
(К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). 
417. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет