ҚЫРАҒЫ ҚИЯ ЖАЗБАС Өтесақ, бәрін байқағыш, көзі өткір. Қырағы қия
жазбас сұңқарым-ай! Қажымас қашық жолға, тұлпарым-ай! үйілген өлексені өрге
сүйреп, Шығармақ қыр басына іңкәрім-ай! (А.Байтұрсынов, Шығ.).
403.
ҚЫРАҒЫ сын. 1. Тез байқайтын, көреген, байқағыш. Советтік өмірдің сан
алуан күрделі уақиғалары жазушының қырағы назарынан қақас қалған емес
(Ж.Тілеков, Хинган асуы.). Қырағы жырау өміріміздің күнгейімен қатар көлеңке
жағына да көз жіберіп, кемшілік жайларға кейістік білдіріп отырады (X.Ерғалиев,
Шындық.). 2. Алғыр, көреген. Теректен кессең бұтақ көсеу болар, Өз ойын дамытпаған
мешеу болар. Қырағы алғыр болсаң табанда тап, Жұмасы он екі айдың нешеу болар
(Қара өлең). – Тез баруларың керек, бай-құлақтар жалтарып қолдарыңа түспей
кетпесін, – деп, Жаңқабек бұл жерде қырағы басшы адамның сөзін сөйледі (С.Бегалин,
Уақыт.). 3. Байқағыш, аңдап басқыш, абайлағыш. Күдіктің адам баласы үшін пайда-
зияны бірдей, ол қырағы да қылады, сенімнен де айырады (М.Дүзенов, Әке.). – Қырағы
болу керек, арамызда әлі де жансыздар бар, – дегенді ол екі-үш рет қайталады
(Е.Өтетілеуов, Бос шелек).
404.
ҚЫРАНКЕРЕЙ сын. көне. Алғыр, ержүрек. Батырды қырық сегіз мың алды
таңдап, Қисапсыз қару, қапшық азық қамдап. Қалмастан шаһизадаға ерді бәрі, Өнерпаз,
қыранкерей, өңкей саңлақ (Бабалар сөзі).
405.
ҚЫРАУ ҚАБАҚ бейн. Қатулы қабақ, қаһарлы, адуынды, айбынды. Қауқайып
ат үстінде сүлделері, Қазақтың қырау қабақ шын ерлері, Қабанбай, Бөгенбай мен
Жәнібектер – Сабаздар сөгілмеген іргелері (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ).
191
406.
ЛЕПІЛДЕК сын. 1. Елпілдеген алып-ұшпа. Бұл бір ешкімге қиянаты жоқ,
ешкімге кесір-кесапаты тимейтін, бірақ сонымен бірге мандытып іс тындырмайтын,
мәнді сөз айтпайтын көк мылжың, лепілдек, күпілдек бейне («Қаз. әдеб.»). Күн асқан
сайын Қартқожа жасақтың қалыпты бір азаматы болды. Кім жұмсаса да, тілін
қайырмайды. Лепілдек, елгезек-ақ (Ж.Аймауытов, Шығ.).
407.
Достарыңызбен бөлісу: |