Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


ЫЗАСЫЗ сын. Ашусыз, кексіз, зілсіз. Ол ашусыз, ызасыз зекитін еді  (Ғ.Мүсірепов, Оянған өлке)



Pdf көрінісі
бет202/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   348
18.08.2023 dis

ЫЗАСЫЗ сын. Ашусыз, кексіз, зілсіз. Ол ашусыз, ызасыз зекитін еді 
(Ғ.Мүсірепов, Оянған өлке). 
748. 
ЫЗБАЙЛЫ сын. жерг. Сыпайы, ибалы, әдепті. Аталық бір ызбайлы жігіт 
(Қазақ тілі. аймақ. сөздігі). Ызбайлы жас доктор кемпірге әдептілігімен ғана ұнаған 
жоқ, мырзалығымен де ұнады (Х.Есенжанов, Ақ жайық). 
749. 
ЫЗБАРЛЫ сын. жерг. Тұйық. Ызбарлы адам деп шешіліп әңгіме айтпайтын, 
кісімен араласы аз адамды айтады (Қазақ тілі. аймақ. сөздігі).  
750. 
ЫҚТИЯТТЫ сын. Іске ұқыпты, жинақы. Ол мектепте оқып жүргенде-ақ 
ықтиятты, ұқыпты еді (С.Сарғасқаев, Сұлутөр.). Үй сырты тап-тұйнақтай, ықтиятты 
көрінеді (С.Жүнісов, Жапан да.). Жаттықтырушы өз ісіне әбден берілген, ықтиятты, 
тәжірибелі болуы керек (О.Жарылғапов, Волейбол.). Қайта, студент кезімде ықтиятты, 
өзімді-өзім күтінгіш едім (Б.Соқпақбаев). 
751. 
ЫМЫРАГЕР сын. Келісімпаз, ымырашыл.  
752. 
ЫҢҒАЙТӨК сын. Аңғарымпаз, көреген. Жұлдыз екеш жұлдыз да неғұрлым 
саны аз, неғұрлым жарығы солғын болған сайын кеш тұрмаса көзге түсе 
алмайтындарын білген ғой! Өздері неткен ыңғайтөк еді! Жаздың жаңбырлы, құрғақ, 
қыстың жайлы, жайсыз боларын жұрт осы Үркерге қарап біле қояды (Ә.Кекілбаев, 
Үркер). 
753. 
ЫСТЫҚ ЖҮРЕК поэт. Сезімтал, мейірімді көңіл; албырт жас, жалынды 
жүрек. Ол дәурен өмір емес, бір көрген түс, Ойға тойма қызықты қиялдан күс, Қарашы 
өз бойыңды түгел ме екен, Ыстық жүрек, өң шырай қуат пен күш (Абай, Тол. жин.). 
754. 
ІЗГІЛІКТІ сын. 1. Жақсылығы мол, игілікті. Осы бір ізгілікті іс совхоз 
директоры Шамаханның да құлағына шалынбай қалған жоқ (Қ.Салғарин, Ақмаржан). 
Сізді бір жақсы сезімге бөлеп, ізгілікті іске, жолға бастап бара жатқандай болады 
(Д.Сапаров, Бақытты.). 2. Тәрбиелі, ұлағатты. Ол үлкендердің алдынан көлденең кесіп 
өтпейтін ізгілікті, көреген жан болу керек (О.Бөкеев, Мұзтау.). 
755. 
ІЗДЕМПАЗ сын. Ізденімпаз, ізденуден жалықпайтын, ізденгіш. Ол жер бетінде 
бір-ақ адамға – қазақ ғалымы, ұлы іздемпаз Қаныш Сәтбаевқа ғана борышты болатын 
(М.Сәрсекеев, Туған жер.). Озат тәжірибе көктен түспейді, оны өз білімін үздіксіз 
жетілдіріп, жаңаға құлақ түріп жүретін іздемпаз ұстаздар жасайды («Қазақст. мұғ.»). 
Екеуі де жігерлі, іздемпаз жас мұғалімдер болатын («Қазақст. мұғ.»). 


222
756. 
ІЛТИПАТТЫ сын. 1. Әдепті, кішіпейіл, биязы. Жұрттың айтуынша, ол 
ілтипатты, ақылды, тіпті барып тұрған сұлу көрінеді (I.Есенберлин, Көлеңке.). Әп-
әдемі келіншектер, ақ тамақ қарлығаштар, көбінің сүп-сүйкімді, ілтипатты күйеулері 
бар (М.Байғұтов, Шілде.). Ұлдайдың ұяң ілтипатты бейнесі көз алдына жарық еткенде, 
Асыл іштей оны аяп кетті («Соц. Қаз.»). 2. пед. Әр құбылысқа ықылас қоятын, үлкеннің 
сөзін тыңдай біліп, сыйласымдық көрсететін, жақсылыққа назар аудару, жақсылық 
жасаған адамға ризашылық, әдептілік көрсететін. Ұлттық тәрбиеде халық ұрпағын 
ілтипатты болуға баулиды. Бұл, көбінесе, отбасындағы тәрбиеден көрініс табады (Қаз. 
тілі термин. Педагогика.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет