239
(«Егемен Қазақстан»). //
Бүлікші, арандатушы. Түркістан қазақтары мен Арқа қазақтары
қосылса міне, сонда солақай басбұзарлар азшылық болып қалады да, басшылықтан кетеді,
– деді Ермекбай Теміржанға (Ғ.Мұстафин, Дауыл.).
181.
БАСКЕСЕР зат.
Қаныпезер, жауыз, кісі өлтіргіш. Текестегі баскесерлерді былай
қойғанда, Бұғы руындағылардың өзі де бұзыла бастады (Ш.Уәлиханов, Мақала. хат.).
Қыршын өміріне қатер төнсе де, ол қару кезеген баскесерлерді машинаға қарай адым
аттатпады (Ш.Әмірәлиев, Жақсы мінез.).
182.
БАСПАҚЫЛ сын.
Алды-артын ойлап, аңысын аңдап жүретін қулау. Жекен баспақыл
қу жігіт екен. Қайырбек пен Сарбасовты егестіре, жел бересөйлеп қояды (Қ.Кемеңгеров,
Алтын.).
183.
БАТЫЛСЫЗ сын.
Батыл емес, жасқаншақ, именшек. Гүлнарға баруға талай оқталып,
талай тартындым. «Неге осынша батылсызбын» деп, оңашада өзіме мықтап кейіп те
аламын (Н.Ғабдуллин, Сар. жапырақ). //
Именшектеп, жасқаншақтап, әрең-әрең
оқталып. Кенет, ол, Ақбала бір мұздай қолдың өз қолынан батылсыз ұстағанын сезіп, аяз
қарығандай денесі дір етті (Ә.Нұрпейісов, Сергелдең). Кішірек көздері Әлимаға жаудырай
қиыла қарап имене, батылсыз жыпылықтайды (С.Мұратбеков, Дос іздеп.).
184.
Достарыңызбен бөлісу: