БҰҚА МІНЕЗ Дүлей, арсын-гүрсін, ұр да жық мінез-құлық. Бұқа мінез әлгі пәлекеттің
сыры белгілі: жолындағыны жалмайды, қаусатады (Д.Досжанов, Жібек.).
231.
БҰҚПАНТАЙ ауыс. 1. Именшек, қорыншақ, жалтақ. Күйеу жас болса да, молда
торғай секілді бұқпантай өмірге үйренген байғұс екен (Д.Досжанов, Зауал). «Мына
Құдайдан безген, тағы не бүлдіріп жүр», – деп діншіл шалдар мен пәшпірті біткен
бұқпантай молдалар сырттан күңкілдеседі (С.Омаров, Дала қызы). Тек анадай-анадайдан
көрінетін қара жалдардың теріс бауыр қыртыс-қыртыстарында қалған бұқпантай ұры-
қарылар болмаса, бұл төңірек әбден арылған кез (Ә.Кекілбаев, Бір шөкім.). // Жалтақтық,
қорқақтық, бұғып қалушылық. Өз басы бұқпантайды білмейтін ол: «Әлде, бұл ғайбат сөз
шығар»... – деді (Т.Әлімқұлов, Сейтек.). Хабаршыға өзіңді ата! Бірге өлуді армандаған соң
ендігі бұқпантайға орын жоқ (К.Оразалин, Көктем.). 2. Жымысқы, бүкпе, арам, бықсық.
Кейде қартаң, сырдаң, дүниеқор болыс-билер, малқорда, бықсыма, жаман ойшыл,
бұқпантай адамдар кезігеді (М.Әуезов, Таңд. шығ.). Көрнеу дұшпаннан сақтануға болады.
Іш құрттай тауысатын – бітеу жара бұқпантай ғой... (С.Талжанов, Ұлдай.).
232.
БҰЛА 1. сын. Еркін, ерке, қағусыз өскен, еш бейнет көрмеген (адам, мал). Егіндікөл,
көзіме ерте шалындың, Менің ерке, бұла жігіт шағымның. Біразы өтті құшағында
бұлықсып, Ұшқынындай алаулаған жалынның (С.Сейітов, Жаңғырық). Әйтсе де тынбай
оған ұмтыламыз, Көңілдің шырайланып шырқы нағыз. Бұл өмір ме баурап ап қылығымен,
Күлкісі ынтық еткен бір бұла қыз! (А.Нысаналин, Көктем.). Қырық бес шықтық кезеңге,
Маң-маң басып бұла аттай. Елу қондық ауыл үй, Тізгіндеп ұстап құлақтай (Дулат
Бабатайұлы, Замана.). 2. ауыс. Бұлаңдаған, бұлғақ қаққан. Тербетіп баяу әнмен бұл ағашты,
Үрледі қобыраған бұла шашты. Ойнаған қайнысы боп жеңгесімен, Әжемнің ақ шәлісін
жұла қашты (Р.Ниязбеков, Келер күн).
233.
БҰЛА-БОЛПАШ сын. Ерке, шолжаң. Ақылбай барлық Ырғызбай ішіндегі бұла-
болпаш жастың бірі болатын. Өзі Абайға ағайын ішіндегі ең тоңторыс, алыс есепті
(М.Әуезов, Шығ.).
234.
БҰЛДАНШАҚ сын. жағымсыз. Білсінгенді, бұлданғанды ұнататын, бұлданғыш. Аса
бұлданшақ болмаса да, өзіне тән өрлігін жасыра білетін адамдар сияқты, бұл да өз
ортасының қолпаштауына кет әрі емес-ті («Мәдениет және тұрмыс»).
244
235.
БҮГІНШІЛ сын. Ертеңін ойламайтын. Алып қал сыбағаңды жас кезіңде, Бүгіншіл
неге болдың, ертеңді біл. Надандық – жас жауыр ат, бөрі рия, Қат болған білімсізге
бейшара тіл (Ә.Найманбаев, Шығ.).
236.
Достарыңызбен бөлісу: |