Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет218/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   348
18.08.2023 dis

БАЙБАЛАМШЫЛ сын. Байбалам салғыш. Бұл әлгі көрші ауылдың белгілі 
байбаламшылы ғой (Ауызекі). 
169. 
БАЙЛАНЫСҚЫШ сын. Ілінісе бергіш, ұрысқақ, даукес. Ол мысықпен арбасқан 
жыландай ысқырынып, жоқ нәрсеге байланысқыш, кім көрінгенмен ұрысқыш боп кетті 
(С.Мұқанов, Мөлдір махабб.). 
170. 
БАЙЛАУ[Ы] ЖОҚ Құбылмалы, тұрақсыз. Бақ дегенде байлау жоқ, Уағдадан танып 
тұр. Тағдыр шіркін тап беріп, тамағымнан алып тұр (А.Байтұрсынұлы, Шығ.). Өзіміздікі 
дей алмай өз малыңды, Күндіз күлкің бұзылады, түнде ұйқың. Көрсе қызар келеді байлауы 
жоқ, Бір күн тыртың етеді, бір күн бұртың (Абай). Байлауы жоқ шешеннен үндемеген есті 
артық (Мақал-мәтел). Қазақта жөн ақылмен ой бекітпек, Нәпсі ұнаса болғаны, бәрі бітпек. 
Тәуекел деп ат қойып ықтималға Байлауы жоқ нәрседен пайда күтпек (Ш.Құдайбердиев, 
Шығ.). 
171. 
БАЙЫМСЫЗ сын. Байлам-байымы жоқ, жөн-жосықсыз. Әсіресөзді ерсі дер
Байымсыз сөйлеп, күлмейтін, Сыпылдап кейбір көршілер, Мінезін қыздың күндейтін 
(Н.Шәкенов, Айгүл). Өткір әзілдің арты зілге айналатын, барлаушымыз жоқ деп байымсыз 
қалмайық, мен әннен-ақ бастайын (Ш.Хұсайынов, Үкілі Ыбырай). 


238
172. 
БАЙЫПСЫЗ сын. Шала, үстірт, жеңіл, берекесіз, ұшқалақ. Ержан Кәкібайдың 
байыпсыз аптықпа қимылынан, ыза мен мысқыл аралас дауысынан жігіт көңіліне бір 
өзгеріс енгенін сезді (Т.Ахтанов, Қаһарлы күн.). 
173. 
БАҚҚҰМАР сын. Мансапқұмар, шенқұмар, атаққұмар. Шерубайда сондай бірдеме 
бар ма? Әлде тым баққұмар ма? (І.Есенберлин, Ғашықтар). Ол (Мырқал) атаңа нәлет жаман 
әліне де, жастығына да қарамастан сондай баққұмар адам таяққа болмаса ақылға көнбейді 
(Ә.Әбішев, Замана.). Баққұмар ұл оңайлықпен басын ие қоймайды. Қайткенде де Ел 
тізгінін қолға алуды ойлайды (Қ.Жұмағалиев, Сақара). 
174. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет