242
216.
БОЛБЫР ауыс.
Сылбыр, ынжық, болжыр (мінез). Мен сізге сеніп жүруші едім,
сөйтсем, қолынан іс келмейтін болбыр командирлердің бірі екенсіз ғой (Б.Момышұлы,
Москва.). Жүсіп бүгін өзгеріп кеткендей ме қалай, күндегі сүмірейген, болбыр Жүсіп емес,
ширақ та келісті (З.Шашкин, Доктор.). Өзiнiң жiгiт болып қаршығаға құс iлдiретiнiн
Абайға әрқашан бұлдаушы едi. Оны әлi өзiнiң шерiгiне де татымайтын бос,
болбыр бала
көретiн (М.Әуезов, Абай жолы).
217.
БОЛПАШ Дайынға үйренген, еті тірі емес, бос. Ертең-ақ мені бай қыз, мырза қыз,
болпаш қыз деп табаламай ма? (Шағын пьесалар). Оның үстіне байдың болпаш баласы,
сері жігіт болып, көк төбел үйіміз бар, қаладағы
перуайбаймыз деп мақтанады
(Ж.Аймауытов, Шығ. жин.).
218.
Достарыңызбен бөлісу: