ДАТҚОЙ сын. жерг. Өкпешіл, кінәмшіл. Оны-мұныны есіңе тұтасың да жүресің, сен
бір датқой қатын екенсің (Қаз. тілі аймақ. сөздігі). 261.
ДАУКЕС сын. 1. Дауқұмар, жанжалшыл. Мына келген даукес дәу қара Шолан
болыстың туған ағасы – Есенаман (Б.Тәжібаев, Қараторғай). Қойшы, бекер шығар! Өлімге
өзі тілеп адам барушы ма еді, – дейді Набат даукес құдағиының сөзінесенер сенбесін
білмей (З.Шүкіров, Сарша тамыз). Айдаладағы бұлақтың атына бола қайын енесінің аты
кеткендей даукес шалды қызыл танау қып шаршатқанына мәз (Қ.Ысқақов, Қара орман). //
Дауқұмар адам. Сұңқар текке жыртқыш аңын бүрмейді, Шешен келсе, даукес тілін
күрмейді. Ақындар да сол секілді екен-ау, Бірі салған ізбен бірі жүрмейді (Р.Ниязбеков,
Келер күн.). Қайран өмір, күнде қызық ат бәйгі, Әркім де оған бір-бір тайын сақтайды. Кей
даукестер шаппай сұрап жүлдесін, Бір жағында ауылдасы жақтайды (3.Шүкіров, Арал.). 2.
құқық. Даугер. Даукестер мені көрген соң, «тағы бір төре келді» деп, сыйғаны үйге кіріп,
сыймағаны үйдің жабдығынан дауыстап, «тақсыр жолдас, арызымыз бар, пәлен күннен
бері бізге есе тимей жатыр…» деп әркім өз басындағы мұңын шаға бастады (М.Дулатов,
Шығ.). 262.
ДАУЛАҒЫШ сын. Даулауға құмар. Даулағыш болсаң түгел даула (Ғ.Мұстафин, Көз
көрген). 263.
ДАУРЫҚҚЫШ сын. Бос сөз, құр дабдырды сүйетін, көпірме. Мақтаншақ, бекер
даурыққыш, Сондай бір көкірек – жаңғалақ. Ол бола алмады дәуір ұққыш, Ол заман туған
247
заңға олақ (X.Ерғалиев, Күн күмбез). Терлікбай жалпы аңшы адамдарға тиісіп, шеттерінен
өтірікші, босқа даурыққыш, салақ болатынын айтыпты (Ж.Молдағалиев, Тыңдағы.). 264.
ДАУЫЛДЫ ауыс. Ашуы қатты. Қатпарлы әжім басқан қабағы түйіліп, бұрын мен
байқамаған дауылды мінезінің лебін сезіп отырмын (К.Зәкенов, Жанартау). 265.