243
болыстықтан түсірді. Енді екі бұзақы н ы бір-біріне айдап салып, тиыш жатсам деген есебі
бар (Ғ.Мұстафин, Көз көрген). Еркектер ше? Жоқ, тәңірім сақтасын,
Телпектердей кері
бұрмай ат басын, Ер жігітке тән мінезбен баяғы, Бұзақыны өз орнына қояды (М.Шаханов,
Ғасырлар.).
229.
БҰЗЫҚ 1.
Бұзақы, сотқар, сотанақ. – Дарқан бұзық, оған ермеңдер. Оның сөзіне
ергендерің жұмыстан шығып қаласыңдар (I.Жансүгіров, Шығ. жин.).
Қатпаған буын,
қатаймаған сүйек бұзық балалар иген балғын сәмбі шыбықтай майысады (Ш.Мұртазаев,
Қызыл жебе). 2. ауыс.
Арам, қараниет, азғынданған. Бұлары білімсіздік,
бәлки бұзық
фиғыл, әл-инсап ғәддуләма жәһилға хисап (Абай, Тол. жин.). Көңіліне әкенің кіргізіп мұң,
Кейбір жастар соңында жүр қызықтың. Мүмкін сенің өлуің, Майданда емес – пышағынан
безбүйрек бір бұзықтың! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан). Шірік шірітеді, бұзық бүлдіреді
(Мақал). 3.
Тентек, ешкімге бағынбайтын, арқасы бар. Бұл да сол бұзық Батақовтың мына
біздің атымызды қосып, халыққа жариялап шығарған әні (Б.Тәжібаев, Қараторғай). Бұл
Қоянкөз ауылының ата-бабасынан қалған,
осындай құл-құтанмен шатасып, сүйек
сындырған бұзықтарға істейтін ежелгі жазасы еді (І.Жансүгіров, Шығ.). // жағымсыз
.
Азған, ахлақ жолынан тайған адам. – Тарт! Мына бұзықты маған көрсетпе! – деп
Марданды теуіп қалды (І.Жансүгіров, Шығ.). Сауда қып жүрген қала тұрғыны орыс, ноғай
адамдарынан басқаның көбі жаңағы қойлы қоқсық “жүнді бай” сияқты қалашылар.
Олардың бәрі де: “қалада бұзық көп болады, ақша-пұлыңды көз ілестірмей қағып алады,
алдап әкетеді, ұрлап қояды,
қала өңшең қудың, жепкетердің жері” – дегендей үркек
ұғыммен жүретін әр-алуан “Біткен бай”, “Біскенбайлар” (М.Әуезов, Абай жолы).
230.
Достарыңызбен бөлісу: