ЕГЕСШІЛ сын. Тайталасқа құмар, ерегіспе. Нұрғанымның кәр өтпес шұғылалы
жүзіне егесшіл бір мысқыл толыпты (М.Әуезов, Абай жолы). Мақсат өзінің егесшіл
мінезіне батып бет бақтырмады («Қаз. әдеб.»).
307.
ЕГІЛГІШ сын. Күйінгіш, күйзелгіш; күйрек. Үнсіз-түнсіз төмен қарап жер шұқылай
береді. Егілгіш-ақ, мүжіліп жүдеп барады (Д.Досжанов, Тұлпар.). Жүрегім босқа егілген
шығар. Егілгіш, еліккіш жүрек шығар менікі (Қ.Мүсірепов, Гүлжазира).
308.
ЕЗ ЖІГІТ Ар-намысы кем, ынжық, жасық адам. Ұқпайсың бізді демейік Емессің ғой
ез жігіт, Есбол-ау, саған сенейік Тоңбайын жұртты тез жібіт (Х.Ерғалиев, Өлеңд.).
309.
ЕЗ сын. Ынжық, жасық, шірік, бос. Адамның қорлауына адамның езі, ынжығы ғана
көнеді (Ғ.Мұстафин, Көз көрген.). Әділет басқан есермесөзге жуық келер ме? Түзу сөзге
сенер ме, Түзелмесін білген ез Ер артық сұраса да, азға разы болады. Ез аз сұрар артылтып
берсең де разы болмас (Абай, Тол. жин.). Иә, бұл кезең ер мен ездің, жасық пен құрыштың
не екенін ажырататын шақ қой (Ә.Әлішев, Батыр.). Өңшең ез! Сендер жау түсірмек түгіл,
өздерің олжаға кетерсіңдер (I.Есенберлин, Алмас.).
310.
ЕЗБАЛДАҚ зат. Бос сөз, шатпақ; көк-мылжың, езбе. Хазірет пен Әбунүсіптің сол
езбалдағының өзіне мынау отырған қошеметшілердің кейбіреуі аузын аңқайта
тыңдағансыды (Д.Әбілев, Ақын.). Одан да маған «сені сүймеймін, тұрып болдым, енді
басқамен тұрамын» демедің бе?! Қорқып, қалтырап өмір сүргенше! Езбалдақ! (Е.Домбаев,
Ол осындай.).
311.
ЕЗГЕК сын. сөйл. Уайым-қайғыға тез берілгіш; күйрек, күйреуік. Өмірлері өкінішті екі
жан осы отырысымен бір-біріне шағынған, бірін-бірі жұбатқан, елжіреуік, езгек күйде еді
(С.Мұратбеков, Жабайы.).
312.
ЕЗГІШ ауыс. Көп сөйлегіш, мыжыма, мылжың. Бір жол сия, дәру деп езгіш көрдім,
Қиялменен жер, көкті кезгіш көрдім. Қарғысын – дозақ, алғысын – жұмақ қылып, Көзінен
көз айырса безгіш көрдім (С.Торайғыров, Мағынасыз.).
313.
ЕЗМАЛТА сын. 1. Көкмылжың, көп сөйлейтін езбе. ≈ Езмалта құрбысы. // Мылжың
адам, көп сөйлейтін езбе кісі. Езмалтаның сөзінде, Шындық бар деп сезінбе (Мақал). Істер
ана өзің сияқты ез мал т ала р, – деп, Жазира даңғарадай төрт бөлмелі үйде біреу тыңдап
тұрғандай сыбырлай сөйледі («Қаз.әдеб.»). – Түркістан тарихы, Түркістан мәдениеті жәйлі,
биік Түркістан тұғырысында әр сағат түсіндірдім. – Езмалтаңды (Қ.Мұхамеджанов, Өзіме
де.). 2. жерг. Жарымес, нақұрыс. Соның өзі езмалта болғаннан сау ма? (Қаз. тілі. аймақ.
сөздігі).
314.
Достарыңызбен бөлісу: |