250
Зәрдәшті жау санап, болды дықты (Т.Ізтілеуов, Рүстем.). Хан ағаның қаһары қиын. Құдай
аты аталған, қалыңмалы және төленген. Тек көңiлі дықты (М.Мағауин, Аласапыран).
297.
ДЫҚШЫЛ сын.
Көңiлге алғыш, болар-болмасқа ренжігіш.
Бұл ойымды Арманға
айтуға батпадым. Жетім көңіл дықшыл, өкпелетіп алармын дедім (Н.Сералиев, Қаңтар).
Анашым тірі болса, бұлайша қаңғып жүрмес едім-ау, «Жетім қозы тасбауыр» дегендей, кім
білсін, мұнша дықшыл болмаған болар ма едім (А.Мекебаев, Бойжеткен). Басынан бір сөз
асырмайтын дықшыл. Өткен жазда қаталап келе жатқан Сауранбай ат сауырын қимай кетті
(А.Мекебаев, Жезтырнақ).
298.
ДЫРДУШЫЛ сын.
Ойын-сауықшыл, думаншыл. Бұлардың бәрі де мінезсіз, дырдушыл
балалар. Ұлттық сипат мәселесі бұл сыңайда көрінбес болар («Қаз. әдеб.»). Әріптестерін
арақпен ауыздандыруға құмартып тұратын дырдушыл қызметкерлер, тіпті қол астындағы
адамдарға ала-құла қарайтын бастықтар жоқ па? («Қазақст. әйелдері»).
299.
ДЫРҚЫ сын. сөйл.
Көп күле беретін, күлегеш. – Әй, дырқым-ай,
қарғайын десем,
жалғызсың; қарғамайын десем, жалмауызсың. О, хазірет, қажыдым (О.Әубәкіров, Жасыр.).
Дырқы адамды жақтырмайтын мінезім бар (Қаз. тілі. аймақ. сөздігі).
300.
ДІГІРЛЕК сын.
Зіркілдеген, өктем. Түні бойы жылымның шығар дөңгелегін айнал-
дырып қоятындығы ма, жоқ әлде дігірлек бұйрықшылдығы ма, әйтеуір ол бір түрлі
қорқынышты, қатыгез адам сияқты еді (М.Айымбетов, Шілде. күні).
301.
ДІКІЛДЕК сын. сөйл.
Тықылдақ, бөспе. Қазір кәріні кәрі,
жасты жас демейтін
дікілдектер қаншама. Мынау солардың ішіндегі естісі (Д.Досжанов, Зауал).
302.
Достарыңызбен бөлісу: