249
284.
ДУАСЫЗ сын.
Пәтуасыз, еліктегіш. Кім біліпті соны. Еркек деген бір дуасыз халық
қой. Біреу бетіне күле қараса, соңына түсіп алады да, мақсатына жетпей қоймайды
(Қ.Нұрғалиев, Екінші.).
285.
ДУМАНГЕР сын.
Думаншыл, сауықшыл.
Артық деп ұқпа сөзімді, Қайсыбір ұлың
думангер, Сыйламай жүрсе өзіңді, Алысқа жұмса, туған жер! (Қ.Мұқашев, Дүбір).
286.
ДУМАНШЫЛ сын.
Сауық-сайранды жақсы көретін, сауықшыл. Жастар да желігіп
думаншыл боп алды (Т.Ахтанов, Дала сыры).
Албырт мінезді, думаншыл өлеңші төр
алдындағы құдашаға жақындай берді (X.Есенжанов, Ақ Жайық). Тойшыл, думаншыл бала
асауды бас білдіргіш жылқышыларға, ән мен ертекке шебер қойшыларға көбірек дос болып
өседі (Ә.Тәжібаев, Өмір.). Осынау думаншыл жастар арасында, бәлкім, Базарбай да жүрген
шығар? Сергей буырқана түрегелді (С.Омаров, Жүйрік.).
287.
ДҮДӘМАЛШЫЛ сын.
Күмәнданғыш, күдіктенгіш. Айтқаныма сен, дүдәмалшыл
болма, – деді ол (Ауызекі).
288.
Достарыңызбен бөлісу: