Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет248/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   348
18.08.2023 dis

ЖАЛТАҢШЫЛ сын. Жалтақ, қорғаншақ, именшек (адам). Жан-жағына 
жалтаңшылды Жақын көріп жақтамайық. Жатыпішер, жаны аяулы Жалқаулардан 
сақтанайық (Ү.Кәрібаев, Өлеңд.). 
357. 
ЖАЛТАРҒЫШ сын. Сенімсіз, тұрақсыз, бұлтарма. Ол сиқыр күш әлі көп 
Жолабаевты да, бұрыс бұйрығы жалтарғыш құйрығы бар Қырғибаевты да қанатының 
астына алады екен (Б.Қыдырбекұлы, Шойынқұлақ). 
358. 
ЖАЛЫНШАҚ сын. 1. Жалынып-жалпайғыш, жалынышты. Қысымшылық көрген
жасқаншақ болған, жалыншақ, жабыңқы елдің баласы да сондай болмақ (Ж.Аймауытов, 
Шығ.). 2. ауыс. Зәру, мұқтаж. Жер тоймайды жеріне түлкі, қарсақ, Күн нұрына сондықтан 
ол жалыншақ. Бар ғасыр мен дәуірді жалмағанда Бөрі бөліп жегендей бір бауырсақ 
(Айтыс). 
359. 
ЖАЛЫНЫМПАЗ сын. Жалынып-жалпайғыш, өтінгіш. Жалынымпаз, мойындатқыш, 
Білек ұстап, жүрек тартқыш. Махаббатты қуып қаққыш, Кездесуге сөз байлатқыш, Онан 
кейін оңашалап, Ол әйелге берер сабақ (I.Жансүгіров, Шығ.). 
360. 
ЖАМАН АДАМ Қоғамда қалыптасқан әдеп, ахлақ, ізгілік нормаларына қайшы мінез-
құлық, әрекет иесінің жалпы атауы. Жаман адам зорлықшыл, Жақын жерге тыртаңдап, 
Ажарсыз жігіт қайынға Алдырар сырын жыртаңдап (Бес ғасыр.). 
361. 
ЖАМАН сын. Ақымақ, ессіз. Әрбір жаман кісінің жаман қылығына күлсең, оған 
рақаттанып күлме, ыза болғаныңнан күл (Абай, Тол. жин.) Жаманмен жолдас болсаңыз
Көрінгенге күлкі етер. Жақсымен жолдас болсаңыз Айырылмасқа серт етер (XVIII-XIX ғғ. 
қаз. ақын.). Қарғадан қарға туар қаңқылдаған, Жаманнан жақсы туар жарқылдаған
Дегендер мен жақсымын толып жатыр, Пайдасы өз басынан артылмаған (Бес ғасыр.). 
Шығармын тірі болсам адам болып, Жүрмеймін бұл жиһанда жаман болып. Жатқаным 
көрде тыныш жақсы емес пе? Жүргенше өмір сүріп надан болып (С.Торайғыров, Шығ.).  
362. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет