264
зейінсіз, жақсы тыңдамайтын әдетке үйретіп аламыз (С.Көбеев, Орынд. арман). Зәуреш
оқуға зейінсіз, жылтыраққа әуес (Ә.Қалмырзаев, Қарлығаш).
434.
ЗИНАҚОР сын.
Нәпсіқұмар, жүргіш, жезөкше; зинашы. Зинақор адамның нәпсі
қызығы дегенде көзді жұмып, күліп беретін мінезін сеземіз (Р.Нұрғалиев, Күретамыр). –
Хазірет, ондай жаза – шариғат бойынша зинақор әйелге күйеуі талап еткен соң барып
жасалатын еді ғой (Ж.Молдағалиев, Самал). Біреуіңді зинақор
ретінде хазірет сотына
берем, – деді Ыбырай ойынды-шынын араластырып (Ж.Молдағалиев).
435.
ЗОР КЕУДЕ Басым, тәкаппар, менмен. Зор кеуде адамзаттың айласына Көнбей бүгін
күшімді кәрсеткенмін (Абай, Тол. жин.). Менменсінген зор кеуде Қиыр жүріп кете алмас,
Аспанменен өте алмас, Алдындағы жолығар Құдайдың құрған тезіне (XVIII–XIX ғ.ғ. қаз.
ақын.). Зор кеуде адамзаттың айласына Көнбей бүгін күшімді көрсеткенмін. Екі езуім
көпіріп, айғайласам, шын құтырсам, шың-тасты тербеткенмін (Абай, Тол. жин.).
436.
Достарыңызбен бөлісу: