265
(М.Ақынжанов). //
Құдайсыз, дінсіз, діннен безген адам.
Бір Құдайдан тілеймін
ғұмырымды, Ғұмыр берсең кірсіз қыл көңілімді. Имансыздың көрінде от жанады, Отқа
салсаң көремін не күнімді?! (Шал ақын // Өлеңд.). Жатты ол қараңғыда зәресі ұшып,
Тірлікте молда айтқаны еске түсіп. Дейтұғын: «Имансызға
періштелер Көрсетер көр
азабын, тәнді қысып» (С.Торайғыров, Алаш.). Имансыздың ұяты жоқ (Мақал). //
Ұятсыз,
намыссыз, жеке бас қамын басқадан артық қоятын қанағатсыз, тоғышар адам.
Құдайдан қорықпаған, адамнан ұялмаған имансыздар қазақты
тойғанынша жем қылды
(М.Дулатов, Шығ.). Халық аузына қақпақ бола алмаймыз. Түрлі дәрежедегі
әкімқаралардың жанында алааяқтардың, имансыздардың әсіре ұлтсыздардың жүруін
немен түсіндіреміз? («Жас Алаш»). Нарқасқа жігіттер екен бәрі де.
Ішінде Амандос
имансыздан жұдырық жей беретін шолақ тонды, асықтай шофер бала да жүр
(М.Сатыбалдиев).
443.
ИМЕНШЕК сын. 1.
Жасқаншақ, қорқақ; жігерсіз. Ал
одан сескеніп, именшек,
қорғалақ болсаң онда тіпті оңбайсың. Көзге ілінбей, тасада қаласың (Т.Ахтанов, Дала.).
Мен ақыл-есі бүтін талай жігітті білем,
бірақ дәл сендей именшек, сендей дәрменсізін
көрмедім (М. Мағауин, Көк мұнар). – Жоқ, аға, түсуге емес, түсіп келіп отырмын. Именшек
жігіттің даусы кенет қатая бастады да, батыл сөйлеп кетті («Қаз. әдеб.»). 2.
Тым ұялшақ,
ұяң; тартыншақ. Именшек келін-кепшік кәрі еменнің ығында көзден тасаланып сыбыр-
күбірге көшкен (Б.Тоғысбаев, Алдыңғы.). Лидия Дудикова деген сом денелі,
өжет қыз
именшек те ұялшақ Рабиғаны алғашқы күннен-ақ іні тартып, баурап алды (Ә.Нұршайықов,
Менің Қазақст.). Кеше ғана асқақ едім, өр едім, Ғашық болдым – адам болдым именшек
(Ж. Жұматаев, Ләйлә.).
444.
ИНАБАТСЫЗ сын.
Әдепсіз, ізетсіз, арсыз, ұятсыз. Оның арсыз, инабатсыз тұл
өмірден адал
өлімді мың мәртебе артық көріп, арына дақ түсірмеген биік парасатын
жантәсілім етер алдында ата жауымен жағаласты (3.Жәкенов, Таң самалы). Инабат – ердің
базары, Ақ жүзінің ажары. Инабатсыз адамның Күнде мұқар қажары. Дүниеде адамға,
Ақиретте Аллаға, Болса керек жазалы (Кердері Әбубәкір, Қазағым.).
445.
ИНСАПСЫЗ [а р.] сын. ескі кіт.
Ынсапсыз. Ләбізі күпір бұл сөздің болып жүрмесін,
Өзім ғалым депсің ғой, інжу, аннас. Демепсің жауабыңда Иншалла, Инсапсыз жан екенсің
ей, балғабас (Ақан сері).
446.
Достарыңызбен бөлісу: