Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


ЖЫРБАҚАЙ сын. қарап. Орынсыз жырбаңдап, жыртаңдап күле беретін, күлегеш.  Бір күлсе, қоймайтын сендей жырбақай адамды көргенім осы (Ауызекі)



Pdf көрінісі
бет258/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   348
18.08.2023 dis

ЖЫРБАҚАЙ сын. қарап. Орынсыз жырбаңдап, жыртаңдап күле беретін, күлегеш. 
Бір күлсе, қоймайтын сендей жырбақай адамды көргенім осы (Ауызекі). 
419. 
ЖЫРҚЫЛДАҚ сын. Күле бергіш, күлегеш. Жырқылдақ әсіреңкі сылаң емес, Ұн бетті, 
бояу ерін қылаң емес. Қылығы оларсыз-ақ жарасып тұр, Ойыңа ой қосады берсе кеңес 
(Б.Момышұлы, Москва.). 
420. 
ЖЫРТАҚАЙ сын. қарап. Жыртақтай беретін, күлегеш. Ей, екі жыртақай қатын, бар 
ана атқораның есігін ашыңдар! (Ә.Көшімов, Қысталаң.). Сыпсықай, жыртақай әйелдерді 
қас-қабағымен үйіріп отыратын сабырлы, нұрлы жүзді Жаңылдың тұла бойынан шуақты 
күннің лебі ескендей (С.Жүнісов, Ақан сері).  
421. 
ЖЫРТАҚЫ сын. Күлегеш, күле беретін. 
422. 
ЖЫРЫНДЫҚОР сын. сөйл. Әккі, айлакер, қу. Ол Федоровқа өзі тиісіп, еркелі назбен 
қылмыңдап жұғысып өтеді; жырындықор, кәркесте әйелдерше кісіні көзімен арбап, найза 
кірпігін дәл бір жүрегіңе сұғып алғысы келгендей дірілдетіп қояды (Ә.Нұрпейісов, Қан мен 
тер). Осы жасында соңына талай қуғыншы салып, жырындықор боп қалған Кәлен бәйге 
күреңді кейінге сақтады (Ә.Нұрпейісов, Қан мен тер). 
423. 
ЖІБІ БОС [БОСТАУ] Жұмсақ, көңілшек. Жібі бос адамға жын-сайтан да әуес келеді 
(Ж. Жұмаханов, Үш бәйтерек). Сол жігіттің жібі бостау көрінуші еді, – деді Марат 
(Т.Ахтанов, Қаһарлы күн.).  
424. 
ЖІГЕРСІЗ сын. Қажыр-қайратсыз; ынжық, жасық. Оқыту жігерлі болсын, жігерсіз, 
жасық жұмыстан жайда да, бала оқытқанда да татымды береке шықпайды (Ж.Аймауытов, 
Шығ.). Жер бетінде жел өшірген із аз ба, Жігерсіздің өрісі әркез тар болған. Отызында 
кемпір болған қыз аз ба, Жігіт аз ба отыз бесте шал болған?! (М.Шаханов, Ғасырлар.). 
Жігерім болса жетемде, Еліме барып ұл болсам. Жігерсіз болсам жетесіз, Қойын бағып құл 
болсам (Дулат Бабатайұлы, Замана.). Кей көңілдің бас бұзар жарлығына, Кей көңілдің 
шектен тыс тарлығына, Қаным күйіп тұрса да сыр бермедім Кешіріммен қарадым 
барлығына, Сүйрегенмен дамылсыз өзін өрге, Өзі пенде жандардың сөзі пенде. Бір 
батылдық көрсем деп үміттендім Ең жігерсіз адамның көзінен де… (М.Шаханов, 
Ғасырлар.). Өз билігіне өзі ие бола алмаған жігерсіз қыздың соңынан қашанғы жүгіремін 
(К.Хасенов). 
425. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет