ЗОР КӨКІРЕК Менмен, тәкапар; өр кеуде. Руы Кебек ердің Жуантаяқ, Ел үшін жанын
салған аянбай-ақ. Зор көкірек, ер сөзді адам еді, Сол ерлігі түбіне жетті бірақ (Дастандар).
Тоқтамады тұрмады, кетті ортадан асылым. Тәкаппар, Зор көкіректі көтере алмай
басылдым. Тиянағым, тұрлауым, Енді кімге асылдым (Абай, Тол. жин.).
437.
ЗОРЛЫҚШЫЛ сын. Қиянатшыл, әділетсіз, зорлық көрсеткіш. Болыс, тілмаш,
ауылнай, шабарман дегендерді, тағы түрлі «адам мінгендерді» Қартқожа зорлықшыл,
жалмауыз, жан алғыш деп ұғынушы еді (Ж.Аймауытов, Шығ.). «Елемесек, бір зиян келер»
десе, Сонда сені көреді елдер теңдес, «Сен залым, сен зорлықшыл» дегенменен, қарусыз,
қарасөзден дәнеме өнбес (С.Торайғыров, Алаш). Сайлау көп үшін берген нәрсе, көп
пайдасын көздеп сайласа, яғни «мынау – халыққа тынышты, пайдалы, зарарсыз адам, анау
– бұзық, зарарлы, зорлықшыл, қиянатшыл адам, – деп тексеріп, таңдап сайласа, сайлау
дұрыс өз мағынасында болғаны (А.Байтұрсынов, Жаңа низам). Өрісте жүрген малын да,
Үйін де, жақсы жанын да Күн көрсетпей тартып ап. Біреуге біреу зорлықшыл Осындай
бопты бір уақ (Бақтыбай ақын, Жел қобыз).
438.
ЗУЫЛДАҚ сын. Зып-зып етіп сөйлей беретін, зыпылдақ; суқит. Ой, сен қайдан
жүрсің зуылдақ– деді Мұздыбай (С.Сұбханбердин, Шағын пьеса.). Әбеннің зуылдақ долы
бәйбішесі оны демалыс күні қала шенінен шығарып кететін (С.Бегалин, Уақыт.).
439.
ЗҰЛЫМ сын. Сұм, сұрқия, қанішер, жауыз. Тұтастай алып қарағанда, «Жазагер
жады...» поэмасы кез келген алаяқ, мансапқор, зұлым, мейірімсіз, қанағаты жоқ, арамза,
обыр, залым басшылардың жетегінде кетуге бейім, төңірегіміздегі соқыр сенімді
тобырлардың ой-сезіміне сәуле құйып, санасын жетілдіре түсетін, «көзін қойып, көңілін
ашатын» шығарма (Ә.Нарымбетов, М.Шахановтың «Жазагер жады...» туралы).– Отанға
біздің, зұлым жау Қан тұмсығын батырды. Жүрмек болдым майданға Береке-бірлік
істеңдер – Ақылым осы ақырғы (Қ.Жапсарбаев, Сөйле). // Қанішер, жауыз адам. Қош, аға,
қолыңды бер, жоқпын енді. Жазықсыз қос шырағым ертесөнді. Жолында бостандықтың
мен құрбанмын, Жібермей зұлымдарға ал кегімді, – Деді де Жапар бала көзін жұмды, Иегін
жалғыз қағып, жаны тынды (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).
440.
ЗЫПЫЛДАҚ сын. Зыпылдап қалған, аузы-аузына жұқпайтын, өсекші. Мектептегі
өзінен жоғары оқитын қыздарға да көз қиығын тастап, қырындап қояды екен десті
зыпылдақ ауыздар (Б.Қыдырбекұлы, Ұры.).
441.
ИБАСЫЗ сын. Әдепсіз, ізетсіз, ұятсыз. Кетіп қалуды ибасыз көріп, кетпейін десе
берекесі қашып, жұқа өңі қызара түсіп, көзі мөлтілдеп Жұмабекке қарайды (Т.Ахтанов,
Дала сыры).
442.
Достарыңызбен бөлісу: |