Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


ҚҰТЫРЫҚ сын. Ерке шолжаң, тентек; надан. Бұл бала оқудан құтырған, құс қуған  құтырықтың өзі болды (Жалын)



Pdf көрінісі
бет293/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   348
18.08.2023 dis

ҚҰТЫРЫҚ сын. Ерке шолжаң, тентек; надан. Бұл бала оқудан құтырған, құс қуған 
құтырықтың өзі болды (Жалын).  
637. 
ҚЫДЫРЫМПАЗ 1. зат. Орынды-орынсыз қыдыра беретін адам, кезбе. Бірақ менің 
мұным, жұмыссыз сандалыс кешіп жүрген кейбір қыдырымпаздарға үлгі де болар 
(Б.Тоқтаров, Қыран.). – Жұмысымнан қалып, қыдырымпаз атанып жүрермін – деді Қадиша 
(А.Хангелдин, Өткен күн.). Қыдырымпаздың аяғы ас пен тойда тынығады (Мақал). 2. ауыс. 
Жұмыс бабымен көп жүретін, ел аралағыш. — Ә, қыдырымпаз бастық, аман-есен 
оралдыңыз ба? – деп Әлжанов қағыта сөйледі (Б.Тоғысбаев, Асыл адам.). 3. ауыс. Қыз-
келіншекке көп барғыш, жүрімпаз. Бойдақ күніңде қыдырымпаз едің, кейде әлдебір 
«достарыңдікіне» қона салу әдетің болатын («Лен. жас»). 
638. 
ҚЫДЫРЫНДЫ сын. сөйл. Қыдырғыш, қыдырымпаз. Қыдырынды азайды, Қыдырып 
үйді шұбаған. Жалқаулары көрінбейді, Жатып ішіп сұлаған (I.Жансүгіров, Шығ.). – Мынау 


283
бір-екі қыдырындыны зынданға тастаңыз, – деді қазы жұмыскерлеріне (Ы.Алтынсарин, 
Таңд. шығ.). 
639. 
ҚЫЗБА БАС Желөкпе, албырт. Мақтанып жұртты шулатса, Құмары сол қызба бас 
(Абай, Тол. жин.)  
640. 
ҚЫЗБА ҚАНДЫ Қызып кететін, қызу қанды. Футболшылар ішінде қызба қанды 
біреуі төрешіге тіл де тигізді («Спорт»).  
641. 
ҚЫЗБА МІНЕЗДІ Мінезі ұстамсыз. «Бір қалыпқа сыймайтын» қызба мінезді 
ағамыздың сонау 70-жылдары «Қазақ әдебиеті» секілді қара шаңырақта қызмет істегенін, 
осында жүргенде бірталай көркем шығармалары дүниеге әкелгенін білетінбіз («Қаз. 
әдеб.»).  
642. 
ҚЫЗБА сын. Қызу қанды, көтеріліп кететін; ұстамсыз. Рәйіс аздаған албырт, қызба 
демесең, айтқанынан қайтпайтын бір бет, өжет (Ә.Нұрпейісов, Сергелдең). Жоқ жерден 
шатақ шығарғысы кеп тұрған қызба жігіттер де бар (М.Дүзенов, Ақәже). Сөз астарын 
түсінген қызба мінезділеу Темір би сөз таласты  
643. 
ҚЫЗБАЛЫ сын. Қызба мінезді. Әулігу, құнтақты, тереңдегіш – Қызбалы кейіпкерлер 
сыртқы әсерге тез түйсіктенеді, қатты әулігеді. Ыстық қандылармен салыстырғанда
қозғалысқа шабанырақ, үзілмейтін еңбекке икемірек, өте шыдамды, батыл, жұмысқа 
қабілетті, құнтақты, тереңдегіш (Ж.Аймауытов, Шығ.). Ойламайды, ол мезетте ойламадық 
біз-дағы Бәлкім, оған кінәлі ме жастығымыз қызбалы? (М.Шаханов, Ғасыр.). 
644. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет