285
666.
ҚЫРТ сын.
Мылжың, езбе, сөзуар (адам). Олардың біреуі Ырғызбайдың белгілі қырты
Жұман, екіншісі бақырауық Мақа болатын (М.Әуезов, Абай.). Үлкен
жорыққа жолдан
қосыла кетпек болып, жол тосып жүрген
жалқау-жампоз, қырт еркектер де бар екен
(Ғ.Мүсірепов, Кездесп. кет.). Қылжың,
қылжақ туысқан, Қырт пен мылжың ағайын.
Бәрінен де дауасыз Өсекті қайтіп бағайын (Дулат Бабатайұлы, Замана.).
667.
ҚЫРТИМА сын.
Қыртиып қалғыш, қырсық. – Жоқ-ә? Шалдың қыртима мінезін
айтқаным да (С.Санбаев, Аруана).
668.
ҚЫРЫМПАЗ сын.
Жинақы, таза жүретін сылаң, кербез (адам). Тұйықтан деген сөз
бар
бұйық туар, Бұйытан деген сөз бар қиық, туар.
Шешесі қырымпаз боп қылаңдаса,
Баласы бір маймөңке бұзық туар (Айтыс).
669.
ҚЫРЫМПОЗ сын. сөйл.
Қырымпаз. Жандарбек те домбырашы, өлеңші, қырымпоз
дегендей сері жігіт екен (С.Мұқанов, Есею жыл.).
Осы ауылдың бұрыл, аң, қоңыр
сақалдарымен қабат, қырымпоз, жігіт ағасы, жас жігіт екі-үш әйелдері де бар еді (Ғ.Сланов,
Жанар тау). Қылаң қыз
қызыл жағалы қырымпозға тиіп, үшты-күйлі жоғалыпты
(О.Сәрсенбаев, Таңбалы тас).
Қырымпоз жігіт екен қыдыралы, Көбірек қызды ауылды
қыдырады. Түбінде үлкен
ақын болар деймін, Көрінеді басылмаған қызуы әлі (Сара
Тастанбек қызы, Тордағы тоты).
670.
ҚЫТЫМЫР сын. 1.
Қатыгез, қатты, қатал. Бұл кісі от басында қаншама ызақор,
қытымыр болғанымен, тым тамақсау (З.Жәкенов, Таң самалы). Біз өзіміз тиынның сөлін
ішкен қытымыр жан болып көрінуіміз мүмкін (С.Сарғасқаев, Сұлутөр.). Өзін кәдімгі бір
қытымыр мұғалима сияқты салмақты ұстайды (Тұлпар).
671.
Достарыңызбен бөлісу: