ҚҰБЫЛЫМПАЗ сын. Құбыла беретін; өзгерімпаз.
621.
ҚҰЛҚЫ БҰЗЫҚ Ойы, тәртібі ақлақ нормасына қайшы, сотанақ. Қорықпас па
баратқан соң құрып жылқы? Ұры жоқ ұрлайтұғын бұзық құлқы. Көрінбес ол маңайда
өлімтік те, Қасқыр мен қажап жатқан мәлін, түлкі (Т.Ізтілеуов, Рүстем.).
622.
ҚҰЛҚЫН МІНЕЗ Тойымсыздық, ашкөздік. Ендігі барып түсетіні болыстікі. Алдияр
байдікін көріп қуанысып еді Қаңгелді байдың құлқын мінезін көріп, енді көңілі орнықпай
әлде қалай болады деп қауіптеніңкіреп келе жатыр (С.Шәріпов, Бекболат).
623.
ҚҰЛҚЫН САУСАҚ Ашкөздік, парақорлық. Ашқарақ тамақсаулық жаныңа
күйгелектік, күңгірттік күй қас, қу нәпсіні қуалап құлқын саусақ арылмас ауру болар, тез
жазылмас (Қ.Қуанышбаев, Шаншарлар).
624.
ҚҰЛҚЫННЫҢ ҚҰЛЫ Қара басының қамын ойлаушы; тойымсыз, пайдакүнем,
ұятты ойламайтын. Қоғамның мүлкін қорғаған – халықтың ұлы. Қоғамның мүлкін
қармаған құлқынның құлы (М.Әлімбаев, Өрнекті сөз.). Адамшылық, ар ұждансыз, Арам
құлқын құлдары Олар менен әмпейлескен, Қазақтың өз сұмдары… (С.Сейфуллин, Шығ.).
Беттерінің арын белбеулеріне түйген құлқын құлдары өткен жылы құрылыстың аңқау ақ
пейіл басшыларын алдап-арбап жүріп, республика бойынша мемлекеттің бақандай 10,7
миллион сом қаржысын қымқырып кетті («Соц. Қаз.»).
625.
ҚҰЛҚЫН-ТАМАҚ зат. Жемқор, парақор. Аңқау сорлы бір қудан алды сабақ,
Бөденемен дос қылды құлқы ын-тамақ. Жау міндеті мойнында бөдененің, Екеуі емін-еркін
қырда оттамақ (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).
626.
ҚҰЛҚЫНШЫЛ сын. Жемқор, пайдақор, парақор, құлқынқұмар. Хан, сұлтандар
өздерінің құлқыншыл пейіліне бақты (ҚазССР тарихы). Бұрын атқамінерлер мен
құлқыншыл қулардың тепкісінде жүрген кедей активтері енді атқа мініп, кек алуға кірісті
(Ш.Байбатшаев, Бел-белес).
627.
Достарыңызбен бөлісу: |