Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет301/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   ...   348
18.08.2023 dis

МӘДЕНИЕТСІЗ сын. 1. Мәдениеті дамымаған, мәдениеті жоқ, надан. Ғылымды тек 
сауын сиыр ретінде пайдаланғысы келген мәдениетсіз тоғышарларды кездестіргенде, 
қынжылмай қоймайсың (Е.Букетов, Атан қолында туған адам). 2. Артта қалған, 
жетілмеген. Мына қызықты қараңыз, Құдай ұрғанда, енді солар әлгі өздері бір кезде 
мәдениетсіз санаған үйді біздерге жөндеп, жасап бере алмай әуре болып жүр (Б.Нұржекеев, 
Бір ғана.). 
697. 
МӘЖІЛІСҚОР сын. Мәжіліске әуес, жиыншыл, отырысшыл, думаншыл. Мұхтар 
Әуезов, Сәбит Дөнентаев та Ахметжан үйінің жиі келіп кететін мәжілісқор қонағы болатын 
(Е.Ысмайылов, Сын.). Әлібектің соңынан ілесе бере іркілген мәжілісқорлардың да 
көздерінің оты жарқ еткендей зәрелері үшып, үрпиісе-үрпиісе тұрып қалды (С.Жүнісов, 
Ақан сері). 
698. 
МЕЙІРСІЗ сын. Еш нәрсеге жаны ашымайтын, рақымсыз, қатыгез. Мейірсіз байдың 
ер құлдан саза тартқанын әңгіме етемін деп, ақын өз тақырыбының айшығын тапты 
(М.Әуезов, Әр жыл.). Маужырап дария толғанша, Күн батып, түн болғанша, Қаз, үйректі 
қырады, Рақымсыз, қатты, мейірсіз (Ү.Кәрібаев, Таңд. шығ.).  
699. 
МЕЙІРІМСІЗ сын. Жаны ашымайтын рақымсыз, тасбауыр, қайырымсыз. Жаны 
ашымай әлсізді аңша қырып, Мейірімсіз, озбырлығы осындайлық. Мұнысы айуаннан 
қалай дейсің, Бір жаңа өнер шықса, «пәлі-ай», дейсің (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Отында 
ғашықтықтың күйіп-жанып, Дариға, бір сен үшін көңілім алаң! Зарлатқан мені мұнда, сені 
онда, Мейірімсіз қара пейіл сұмырай жалған. Өлсе, керін, өлмесе, өзін көрмей, Тарқар ма, 
өліп кетсем, іштегі арман? (Ә.Найманбаев, Шығ.). Алып кетті, тәңір атқыр, мейірімсіз 
арам-ай, Хал үстінде жатқан қартаң анаға да қарамай, Сорлы анаға қайдан жеңіл тисін 
мұның салмағы, Бастан жүрек ауруы бар, емдеткенмен болмады (М.Шаханов, Ғасырлар.).  
700. 
МЕЙІРІМСІЗДЕУ сын. Тасбауырлау, рақымсыздау. ≈ Мейірімсіздеу екен. 
701. 
МЕКЕР сын. Қу, залым, айлакер. Ақкемпір бәлеқор, мекер қатынның сөзін құлағына 
ілмеді (Ә.Нұрпейісов, Қан мен тер). Патшаның заңын қуаттап, Жол ашып елді суаттап, 
Баладай алдап уатпақ, Би дегенің би емес, Ел алдағыш мекері (Д.Бабатайұлы, Замана 
сазы.). Бұрынғы пайғамбар мен сахабалар, Пайда ғып ешкім малын алған емес. Өтірік, 


288
ұрлық, зорлық, мекер, қайла, Бұл үлгі пайғамбардан қалған емес (Қабан жырау, Алтын 
қазық). 
702. 
МЕНМЕН сын. Өзін басқалардан жоғары санайтын тәкаппар, өзімшіл, өр көкірек. 
Өздері тәкаппар, менмен, асқақ мінезді өр-көкірек келеді (К.Әзірбаев, Аңыз.). Сырт көзге 
менмен, тастай қатты такаппар көрінердей аға мінезіне келсек, бұл өзі қаукөкіректік емес, 
сырсыз-сынсыз сыздану да емес, мәнді маңғаздық, сырбаз табиғилық, өз қадірін өз 
деңгейінде ұстағандық екен (М.Әлімбаев, Қалам қайраты). Нұрлы аспанға тырысып 
өскенсің сен, Менмен, кердең, қайғысыз ер көңілмен, Жазғытұрым жасырып жердің бетін, 
Жасыл шөппен бой жеткен егінмен тең (Абай, Тол. жин.).  
703. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет