Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет309/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   348
18.08.2023 dis

ОҢБАҒАН сын. Ниеті қара, жексұрын, сұрқия. Осындай оңбаған қылықтарын көріп 
отырсаң да безе алмайсың, амал бар ма (М.Дулатов, Шығ.). Ой, тіліңе құлғана шықсын, ой, 
күйдіргі шықсын. Ой, оңбаған, тентіреген ит. Есік-есіктен, тесік-тесіктен өт. Өл де маған. 
Ол не қылғаны екен? (Ж.Аймауытов, Шығ.). // Жексұрын, сұрқия адам. Қызыл иегімен 
кажалатқызып балаға нан беріп, ет беріп, сорғалатып май беріп койған ана–баланың досы 
емес, қасы. Маған майлы бауырсақ, не болмаса қазы-қарта шайнап бере гөр дегендей 
баласына ет, нан шайнап беретін ана – ананың нағыз оңбағаны (М.Жұмабаев, Шығ.).  
764. 
ОПАСЫЗ сын. 1. Екіжүзді, құбылмалы. Тұрма, қарғам, ұмтыл! Аты өшкірден құтыл! 
«Білімсіз – есек, Опасыз» десек, Сөйлеп, күліп жүрсе де (М.Жұмабаев, Шығ.). // Екіжүзді 
адам. Сол күні бір опасыздар әкемді немістерге ұстап берді (Қ.Қайсенов, Жау тылы.). 2. 
Тұрақсыз, тұрлаусыз. Жүргенім жалғыз тым артық, Арыстандай жортқан құмдарда. 
Болғанша жолдас опасыз Қатын жүрек құлдарға (М.Дулатов, Шығ.). Опасыз жардың 
күнәдан күйген қара бетін көргісі келмей шыдап бақты (Ә.Бөриев, Ақ бидай). – Антына 
опасыз, жаулық кисін оқасыз, – деп Сары бәйбішесақ-сақ күлді (Д.Әбілев, Арман.).  
765. 
ОРАШОЛАҚ сын. Ешнәрсеге бейімі жоқ, епсіз; олақ. Жалпы жұмыста ақылшы бола 
жүре, Сәкен ұйымдастыру ісіне орашолақ адам еді (С.Мұқанов, Есею жыл.). Жасынан 
қалада өскен жеңгем ауыл тіршілігіне орашолақ еді (Б. Соқпақбаев, Өлгендер.). Ләйлә 
шеше тәлім-тәрбиесін жүре тыңдайтын орашолақ, құлықсыз қыздардың біріне де 
ұқсамайды (Ш.Құмарова, Қаз бауыр.). 


293
766. 
ОРАШОЛАҚТАУ сын. 1. Бейімсіздеу, епсіздеу; қыры жоқтау. Шайқы үй шаруасына 
орашолақтау еді (М.Дүйсенов, Ант). Шымырбай шаруаға орашолақтау болғанымен, өзінікі 
дегенде үзіп түсетін адам (Б.Тілегенов, Көктем.). Жетіншінің бригадирі жұрттың тілін 
табуға, жұмсауға орашолақтау (М.Гумеров, Хазірет.). 2. Жатық емес, жүйесіз; 
төселмеген. Өкілдің өзі орысша орашолақтау екен (С. Жүнісов, Жапанда.). Кейде 
орашолақтау құрылған сөйлемдерінде де терең мән жататындығы байқалды (Қ.Жұмалиев, 
Жайсаң жан.). Орысша ойланып, қазақша сөйлегендіктен, сөзі орашолақтау, созалаңдау 
шығып жатыр (Ғ.Мүсірепов, Ұлпан). 
767. 
ОРДАҢ сын. Тәкәппар, кердең; өрескел. Сұңғақ денелі, сұлу, сүйкімді, ұяң емес, ашық, 
ордаң емес, әдепті болатын (Ғ.Мүсірепов, Белдер.). Кетер істі күйретіп, Сендей жігіт 
ордаңы (Ғ.Қайырбеков, Таулар.).  
768. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет