286
(Ә.Сәрсенбаев, Жазылм. кітап). Мазақшыл серігін қостаған Шыңғыс ат ақылы тайыз арзан
күлкісімен қарқ ете қалды (Ә.Сәрсенбаев, Толқында.).
682.
МАЗАҢ сын.
Беймаза, мазасыз. Осы кезде ғана дабыр-дұбырға
толы мазаң шақ
аяқталып, жұрт аяғы сирей бастайды (Ғ.Мүсірепов, Белдерде). Байбөрі көп сөйлейтін,
келсін-келмесін боратып өлең жаза беретін мазаң қарт болатын (С.Шаймерденов, Өмір.).
Желтең, Мазаң ойменен Жүргендеймін кейде мен Барселона
аэропортында Бір кез әлгі
орманшы кеп қасыма Балап мені баласының досына Мейіріммен күлімсіреп жанары: –
Әне, ұлым, Уақыттың талабы Ерте, кеш пе, бәрін жөнге салады (М.Шаханов, Ғасыр.). Ай
аспанда тағадай, Өзендер киген көк көйлек. Жел бір мазаң баладай, Қатырған басты көп
сөйлеп (С.Мәуленов, Алыс кет.).
683.
МАЗАСЫЗ сын.
Тынышсыз, тыным таппайтын, өзіне де, өзгеге де маза бермейтін.
Атымтай дегеннің үйіне пәтерге түстік. Кемпірі мазасыз, шаң-шұң ұрыстың адамы екен
(С.Мәуленов, Үркер.). Түтінбай мал десе жанын беретін мазасыз адам ғой (К.Қазыбаев,
Дәуір.). Біздің мазасыз
көршіміз Рабиға жеңгей Света, деп балконнан тұрып әлде біреу
талап жатқандай тарғыл-тарғыл даусымен бақырғанда
есіктің алдына жаңағы тоғыз
Светаның кем дегенде үшеуі келеді (Б.Қыдырбекұлы, Ұры.).
684.
МАҚТАНҚҰМАР сын.
Мақтау сүйгіш, мақтаншақ. Ескерусіз бар өмір кетсе желге,
Ақыл, айла, қайратың ақса селге. Мақтанқұмар партия күйлесеңіз, Мен сықылды боласың
сен де делбе (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).
685.
МАҚТАНШАҚ сын.
Мақтануды сүйетін, өзін-өзі асыра бағалайтын, бөспе. «Қалай
өзі, мақтаншақ па, әлде ер көңілді ме?» деп Ақтоты бір сәт Әміртайдың албыраған жүзіне
көз қиығын тастады (Б.Тоғысбаев, Асыл. адам.). – Мына Жақыптың өзі жігіт қой. Бұл
ұстайды, – деп, Сергей бөсіп тұрған мақтаншақ балаға жел беріп қойды (С.Бегалин, Бала
Шоқан.). Ез, еріншек, қорғалақ, шабан болсаң, Не мақтаншақ, дарақы, надан болсаң, Есі-
дертің партия, ел билемек, Залалкес хайуаннан жаман болсаң (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).
686.
Достарыңызбен бөлісу: