290
қазақ бар ма жанасарлық, Ғылым, өнер, ақылмен санасарлық? Жұрт алмаса, ақылын біз
алалық Өзгедей надан емес адасарлық (Ш. Құдайбердиев, Шығ.).
732.
НАМЫССЫЗ сын.
Ар-намысы жоқ, ынжық, жетесіз. Намыссыз абырой, арсыз атақ
болмас-ау! Абырой мен атақ жүрген жерде намыс, ар деген сөздер тепе-тең жүрсе жақсы
(С.Бақбергенов, Адам.). Намыссыз, Жасық өзіңнен Бөлектеу тұрар жағымды ұл. Басың
айналып сезімнен Ләйліп кететін шағың бұл! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі). Оның үстіне, мұнда
көптеген намыссыз қазақтар күн көрісін жеңілдету үшін
балаларын өзбек етіп жазып
жіберген. Олардың енді «оралман» атымен квота алуға ешқандай құқығы жоқ («Жас
Алаш»).
733.
НАНҒЫШ сын.
Жоқтан өзгеге сенгіш, иланғыш. Кішкене кезінде сырт мінез жағынан
аңқау, нанғыш және тентек бала болса керек (М.Әуезов, Әр жыл.). Алтынсары сөзге
нанғыш, уәдешіл, момын бала болатын (С.Мұқанов, Аспаз).
734.
Достарыңызбен бөлісу: