Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет6/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   348
18.08.2023 dis

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. «Адамның күні адаммен» деген қазақ 
ұлты қашан да алдымен өзін және жақын-жуығының мінез сипаттарын өте 
дәлдікпен атаған және барлық өзгерістерді аңғарып, түсін түстеп, байқап, 
сондықтан атаумен, мақалмен, мәтелмен, тұрақты тіркеспен бекітіп отырған. 
Алайда қазақ лингвистикасында адамның мінез сипаты атауларын зерттеп, 
тіпті лексика-семантикалық топтарға бөліп, барлық атауларды түгендеген 
зерттеу еңбегі жоқ деуге болады. Яғни «Қазақ тілінде қандай мінез атауларына 
атау берілетін болған?», «Қазақ ұлты мінез атауларында қандай сипатын 
ерекшелеп айтады?», «Мінез атауларының негізінде қандай мәдени сипат бар?», 
«Жақсы мінез атаулары көп пе?», «Жаман мінез атаулары көп пе?», «Не 
себептен?», «Ер адамдардың мінезі мен әйел адамдардың мінезіне қатысты 
сөздердің қандай ерекшеліктері бар?», «Қазақ тіліндегі мінез атауларының көбі 
неге белсенді қолданыста емес?», «Қазақ тілінде сөйлеп отырып, мінез 


7
атауларына келгенде неге орыс тіліндегі анықтауыштарды қолдана салуға 
әуеспіз?» және т.с.с. сауалдар қарастырылмаған қалпы ашық тұр.
Атаулардың байлығы, айқындығы мен анықтығы, егер олар қолданыстан 
шығып қалса немесе өз мәнінде, мағынасына сай қолданылмаса, бірте-бірте ол 
ұғымдарды варвар тілдің, өзге тілдің сөзі жаулап алатынын, немесе өз тілінде сол 
сипатты беретін атаудың өрісін тарылтатынын көріп жүрміз. Мысалы, біз біреуге 
оның қандай адам екенін сипаттап беруін өтінсек, анықтауыш сын есімдерді 
кеңінен және дәл айта алмайтынын, қазақ тіліндегі атауын таба алмай, көбіне 
орыс тіліндегісін айтуын көріп жүрміз. Ал ресми ісқағаздардағы мінездеме 
мәтіндері бірінен бірі көшірілген, субъектінің, тұлғаның нақты өзін айқындай 
алмайтын жаттанды атаулардан тұратыны жасырын емес. 
Ал қазақ тілінің сөздік қорында мінез атауларын сипаттайтын 1800 (бір 
мың сегіз жүз) сөз, сөз тіркесі, тұрақты сөз тіркестері, ішінара мақал-мәтел бар 
екені белгілі болды. Қоғам санасында, тілдік санада үнемі қайталанған, әлеумет 
әр қырынан танып, әр қырынан атау берген, дәл, тура мағынасында денотаттық 
мағынада атаған тілдік таңбалармен қатар, атаудың қолданыс аясы кеңіген сайын 
сигнификаттық, коннотаттық мағыналары да шығып, тілдік таңба байып 
отырады. Сол себепті қазақ тіліндегі бір ұғымды беретін бірнеше атаулардың 
синоним түрінде, вариант түрінде, сөз, сөз тіркесі, тұрақты тіркес, эпитет, 
метафора, синекдоха түрінде атала беруі заңды. 
Сондықтан зерттеу тақырыбының өзектілігі қазақ тіліндегі мінез сипаты 
атауларының түгенделуімен, лексика-семантикалық топтарын айқындаумен, 
лингвомәдениеттанымдық 
аспектіде 
негіздерін 
іздеумен, 
атаулардың 
тезаурусын жасаумен өзекті болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет