9
айқындалды. Қазіргі қазақ күнделікті сөйлеу
тілінде орысша аталымы
қолданылатын мінез атаулары сауалнама негізінде айқындалды. Варварлық
сипатта тілімізге еніп кеткен орыс тіліндегі атаулардың қазақ тіліндегі
баламалары көрсетілді. Мінез сипаты атауларының сөзтізбесі жасалып,
алғаш
рет концептілер және лексика-семантикалық топ аясында жинақталды.
Диссертациялық жұмыстың қосымшасы ретінде «Қазақ әдеби тілінің сөздігінің»
онбестомдығы негізінде жасалған мінез сипаты атауларының түсіндірме сөздігі
берілді. Қазіргі қазақтілді жас буынның өзінің және өзгенің бойынан таныған,
бағалаған, жағымсыз мінез түрлерін анықтау мақсатында және қазақ тіліндегі
мінез атауларының қорын пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында жасы
негізінен 18-25 арасындағы қазақ жастарының
арасында сауалнама
ұйымдастырылып, 500 адамның жауабына талдама жасалып, қорытынды
шығарылды. Сондай-ақ қазіргі жазба мәтіндерде, әртүрлі
стильде кездесетін
мінез атаулары «Жалпы білім берудегі қазақ тілінің жиілік сөздігі» (2016 ж.)
бойынша жиілігі көбінен азына дейінгі алғашқы 100 бірлік анықталып, себебі
айқындалды.
Достарыңызбен бөлісу: