Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет3/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   348
18.08.2023 dis

 
 
 
 


3
АНЫҚТАМАЛАР 
Диссертацияда 
төмендегідей 
анықтамаларға 
сәйкес 
терминдер 
пайдаланылған: 
Антропологиялық лингвистика (грек. anthropos адам, лат. lingua тіл) – 
1) тіл білімінің жазуы жоқ тілдерді зерттейтін саласы; 2) методологиялық негіз 
ретінде "антропологиялық принципті” (тіл – адам) қолдайтын зерттеулердің 
шартты атауы. 
Бинарлық (лат. binarius жұп, екі бөлімнен тұратын) – тілдік объектінің 
міндетті түрде екі жақты, екі кұрамды сипатта болуы, соған сай оларды зерттеп 
суреттеуде осы екі жақтылықты ескеру. Бинарлық қарама-қарсылық – екі жақты, 
қос, жұп қарама-қарсылыққа негізделеді.
Варваризм (грек. barbaros бөтен елдік) – белгілі бір тілдің қалыптасқан 
нормаларына кіріспейтін, ондағы сөзжасам, сөз түрлендіру, сөз тіркестіру 
заңдарына сәйкеспейтін, зәрушілігі шамалы бөтен тілдің сөздері мен сөз 
қолданыстары. Варваризмнің пайда болуы кірме сөздермен байланысты. 
Денотаттық мағына – әртүрлі реңк тудыратын үстеме мағынадан тыс 
сөздің негізгі мағынасы.
Коннотаттық мағына – сөздің негізгі мағынасына үстемеленіп, әртүрлі 
семантикалық, стилистикалық реңк тудыратын қосымша мағына. Мысалы, 
азамат сөзінің кәмелетке жеткен ер адам деген негізгі мағынасы – денотаттық 
мағына болса, адамгершілік қасиеті жоғары, саналы адам деген мағынасы – 
коннотаттық көтеріңкі мағынасы болып табылады. 
Концепт – когнитивтік санада белгілі бір нысанға байланысты әлемде 
қалыптасқан жалпы танымдық түсінік, белгілі бір қауымдастықтың тәжірибесі 
негізінде қалыптасқан мәдени-танымдық элементтердің бірлігін, халықтың 
рухын, мәдени танымын, ойлау жүйесін түсіндіретін менталды кілт, танымдық 
бөлшек. 
Лексикография (грек. lexikon сөздік, grapho жазамын) – 1. Сөздік 
жасаудың теориясы мен практикасын зерттейтін тіл білімінің саласы; 2. Белгілі 
бір тілдегі немесе ғылым саласындағы сөздіктердің жиынтығы. Лексикограф – 
лексикография маманы, сөздікші. 
Номинация (лат. nominatio атау) – 1) сөздің немесе сөз тіркесінің затты 
атап білдіруі; 2) атаумен байланысты жалпы тіл мәселелерінің және 
номинативтік 
тұрғыда 
қарастырылатын 
сөзжасам, 
көпмағыналылық, 
фразеология т.б. жиынтығы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет